Тепловоздарды дизель отынынан табиғи газға ауыстыру бойынша қанатқақты жоба іске аспақ

Жаңалықтар
30.11.2021, 09:35
Қазақстан теміржолшысы

Үстіміздегі жылдың 26 қараша күні «ҚТЖ» ҰК»АҚ мен канадалық Condor Petroleum Inc компаниясы арасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының локомотив паркін дизель отынынан сұйытылған табиғи газға ауыстыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Аталған келісім тепловоздарда сұйытылған табиғи газды (СТГ) қолдану жөніндегі жүйелерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және енгізуге бағытталған бірнеше шаралар кешенін қамтып отыр. Атап айтсақ, темір жол көлігіндегі локомотивтер үшін отын ретінде СТГ қолдану бойынша идеялармен, біліммен және тәжірибемен алмасу; пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (жол картасын) бекіту; пилоттық жобаны сынау/зерттеу шарттарын анықтау; пилоттық жоба үшін қажетті нормативтік және техникалық құжаттаманы әзірлеу; пилоттық жобаның нәтижелері бойынша локомотивтерді СТГ-ға ауыстыру бойынша экономикалық тиімділікке бағалау жүргізу. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қ.Е.Әлмағамбетовтың 2021 жылғы 18 қарашадағы №160-ЦЗр бұйрығымен, яғни «ҚазТрансГаз», «ҚазТрансГаз Өнімдері» және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мамандарын тарта отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Condor Petroleum Inc компанияларының қатысуымен бірлескен жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобы локомотив паркін дизель отынынан сұйытылған табиғи газға ауыстыру жөніндегі пилоттық жобаны енгізуді ұйымдастыратын болады. «Тепловоздарды газомоторлық отынға ауыстыру бойынша жоба жұмысы екі жыл бұрын басталды. Биыл бұл жобаға қатысты жұмыс тобына әлемдік көшбасшы компаниялар қатарынан табылатын Condor Petroleum Inc қосылып отыр. Бұл канадалық компания «ҚазТрансГаз» компаниясымен ынтымақтастықта Қазақстан республикасында газомоторлық отынның желісін кеңейтуді көздеп отыр. Бұл біз үшін маңызды әрі қызықты, өйткені, біз тепловоздарымызды дизельді отыннан бөлек, екінші отын түрі – көгілдір отынға, яки сұйытылған табиғи газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Жұмыс тобында біз техникалық шешімдерді қарастыратын боламыз және тепловоздарды газомоторлық отынға ауыстыру бойынша жұмыстарымыз одан әрмен қарай жемісті болады деген ойдамыз», – деп ой түйіндеді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев. Халықаралық мұнай-газ компаниясы болып табылатын Condor Petroleum Inc-ке келер болсақ, оның бас кеңсесі Канаданың Калгари қаласында орналасқан. Компанияның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында және Шығыс Еуропада мұнайды, газды барлау және өндіру, сұйытылған табиғи газды өндіру жөніндегі модульдік зауыттарды салу. Қазақстанның мұнай-газ саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатқан Condor Petroleum компаниясының ел экономикасына салған инвестиция көлемі $250 млн-нан асады деген ақпарат та бар. Қазақстанның батысында мұнай өндіретін канадалық Condor Petroleum билік органдарымен елде СТГ өндіру зауытын салу туралы келіссөздер жүргізгені де белгілі болып отыр.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда