Тәуелсіздік күні: 30 жыл – 30 жетістік

Жаңалықтар
16.12.2021, 09:08
Қазақстан теміржолшысы

1. АҚСУ – ДЕГЕЛЕҢ Тәуелсіздік жылдарында салынған тұңғыш магистраль. Ұзындығы 187 шақырымды құрайтын жол Семей аймағын Павлодар өңірімен төте жол арқылы байланыстырып, Павлодар-Семей-Алматы бағытына қатынайтын пойыздар уақытын едәуір қысқартты. Құрылысы 1998 жылы басталып, 2001 жылы 19 маусымда пайдалануға берілді. 2. ХРОМТАУ – АЛТЫНСАРИН Республикамыздың көлік және тасымал мүмкіндіктерін дамытуда стратегиялық маңызға ие жоба. 402 шақырымдық магистраль құрылысы 2001 жылы басталды. Қазақстан үшін өз өнімдерін сыртқы нарыққа ең қысқа жолмен жеткізуге мүмкіндік берген жоба 2004 жылы 30 қарашада пайдалануға беріліп, Хромтау-Алтынсарин темір жол желісі бойымен жүк тиелген алғашқы пойыз жүріп өтті. 3. ШАР – ӨСКЕМЕН Құрылысы концессиялық негізде 2005 жылы басталды. Жалпы ұзындығы 151 шақырымдық магистраль ұлттық темір жол желілерін бір-бірімен тоғыстырып, тасымал қашықтығын қысқартуға мүмкіндік берді. Жаңа темір жол желісін пайдалануға беру рәсімі 2008 жылдың желтоқсан айында Шалабай станциясында өтті. 4. «ӨЗЕН – ТҮРКІМЕНСТАНМЕН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА» ЖОБАСЫ Парсы шығанағына тура жол ашқан аса маңызды, үш елдің қатысуымен қолға алынған трансшекаралық магистраль ұзындығы 938 шақырым. Оның 146 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. 2009 жылы телекөпір кезінде Елбасы Н.Назарбаев пәрменімен құрылыс басталып, желінің қазақстандық бөлігі 2011 жылы желтоқсанда пайдалануға берілді. 2013 жылы Қазақстан мен Түркіменстан Президенттері екі ел арасына тікелей қатынайтын Болашақ (ҚР) – Серхетяка (Түркіменстан) рейсін ашты. 5. ЖЕТІГЕН – ҚОРҒАС Қытайға ашылған екінші қақпа аталған 290 шақырымдық желі құрылысы 2009 жылы басталды. Бұл жолды Елбасы Қытаймен арадағы көршілік қарым-қатынасты нығайтатын екінші сауда-экономикалық байланыс трассасы деп бағалады. Желі ҚХР мен Қазақстанның оңтүстік аймақтары және Орталық Азия елдеріне дейінгі қашықтықты 550 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 2012 жылы пайдалануға берілді. 6. ЖЕЗҚАЗҒАН – БЕЙНЕУ, АРҚАЛЫҚ – ШҰБАРКӨЛ Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруда орасан зор маңызға ие жолдар еліміздің ішкі байланысын да дамытты. Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстан аумағы арқылы ауқымды темір жол магистралін салу туралы идея Президенттің 2006 жылдың 11 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасының көліктік стратегиясы туралы» Жарлығында көрініс тапты. Құрылыстың тұсауы 2012 жылы шілдеде жалпыұлттық телекөпірде кесілді. 7. БОРЖАҚТЫ – ЕРСАЙ «Нұрлы жол» даму бағдарламасына кіретін, шағын болса да маңызы зор жоба. Магистраль құрылысы 2014 жылы басталды. Желі Құрық портын магистральдық темір жол желісімен байланыстырып, Транскаспий бағытын біздің еліміз арқылы өтетін Кавказ және Оңтүстік Еуропа нарығына қарай ұзартты. 8. АЛМАТЫ – ШУ ЕКІНШІ ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылдың сәуірінде құрылысы басталды. Жаңа темір жол учаскесі тасымал көлемін үш есе арттырды. 110 шақырымнан астам жол төселіп, 1500-ге жуық жұмыс орны ашылды. 9. ЛОКОМОТИВ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ 2009 жылдың шілдесінде «Қазақстанның жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы негізінде «Локомотив құрастыру зауыты АҚ» құрылды. Еліміздің ауыр машина жасау тарихының жаңа парағы осылай ашылды. Қазақстанда құрастырылған тұңғыш магистральдік Evolution-ТЭ33А сериясындағы бесінші буынды жүк тепловоздары зауыт конвейірінен 2009 жылдың желтоқсан айында шығарылды. 10. ЭЛЕКТРОВОЗ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ Қазақстандағы заманауи машина жасау кәсіпорындарының қатарында зауыт тарихы 2010 жылы қазан айында – «ҚТЖ» ҰК, француздың Alstom компаниясы мен ресейлік «Трансмашхолдинг» ЖАҚ арасындағы электровоз жасау жөніндегі келісімнен бастау алады. 2012 жылы зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. KZ8 A электровоздары техникалық сипаттамасы жағынан әлемдегі ең қуатты локомотивтердің бірі болып табылады. 11. ҚАЗАҚСТАН ВАГОН ҚҰРАСТЫРУ КОМПАНИЯСЫ «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасы бойынша 2008 жылы «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» АҚ құрылды. 2009-2011 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде, Екібастұздағы вагон жөндеу депосы базасында жартылай вагондар мен 25 тоннаға дейін жүк көтере алатын арбасы бар жартылай вагондар өндірісі ұйымдастырылды. Жоба бойынша кәсіпорынның жылдық қуаты 2500 жүк вагонын шығаруға жеткілікті. 12. «ТҰЛПАР-ТАЛЬГО» ЗАУЫТЫ 2011 жылы елордада «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушы вагондарын шығаратын зауыт «ҚТЖ» АҚ мен испандық Patentes Talgo S.L.U. компаниясының ынтымақтастығы арқасында бой көтерді. Өндірістің мақсаты – отандық нарықты жолаушылар вагондарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, қазақстандық өнімді ТМД мен алыс шетелдерге экспортқа шығару. 13. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМҒА АРНАЛҒАН ҚҰЙМА «Шығысмашзауыт» АҚ – Қазақстандағы тау-кен және металлургиялық қондырғылар жасайтын ірі кәсіпорындардың бірі. 2011 жылы «Шығысмашзауыт» АҚ «ҚТЖ» ҰК құрамына еніп, онда жүк вагондарының арбаларына арнап вагон құймалары жасала бастады. Жоба 2013 жылы толық іске асырылды және бүгінде табысты пайдаланылып жатыр. Зауыттың қуаты жылына 14 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. 14. БАҒЫТТАМАЛЫ БҰРМАЛАР ЖӘНЕ ДӨҢГЕЛЕК ЖҰПТАРЫ ӨНДІРІСІ Екібастұздағы «Проммашкомплект» зауыты пойыздарды бір жолдан екіншісіне ауыстыратын бағыттамалы бұрмалар мен дөңгелек жұптарын жасауды қолға алды. Зауыт өнімдері қазіргі заманғы сапа және қауіпсіздік талаптарына толық жауап береді. Кәсіпорын Германия, Италия, Швейцария, Жапония мен өзге де озық елдерде шығарылған ең заманауи қондырғылармен жабдықталған. 15. АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ Қазақстан экономикасы мен тіршілігінде қайталанбас рөл атқаратын маңызды жобалардың бірі. Зауыт 2014 жылы жалпы- халықтық телекөпір барысында іске қосылды. Өндіріс орнының қуаты жылына 200 мың тонна рельс пен 230 мың тонна сұрыптама өнімін шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс барысында заманауи технологиялар қолданылса, рельс жасау стандарттары Еуропалық одақ талаптарына жауап береді.

Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек
Әлемде
22.06.2026
ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі
Жаңалықтар
21.06.2026
Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды
Жаңалықтар
20.06.2026
Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді
Жолаушылар тасымалы
20.06.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ билет құнын есептеудің жаңа жүйесін енгізеді