Референдум: ел ертеңі үшін маңызды қадам

Жаңалықтар
02.06.2022, 14:26
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің Парламент мәжілісінің депутаттары Амангелді Бердалин, Ғалымжан Елеуов және «Аманат» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов теміржолшылармен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі республикалық қоғамдық штаб өкілдері теміржолшыларға Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы айттып берді. Депутаттар ел ертеңі үшін маңызды қадам болғалы отырғаншараға белсенді қатысуға және конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды.

«Соңғы 27 жыл ішінде Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді. Олардың барлығын Парламент қабылдады. Ертең өтетін референдум өзгеше. Ендігі түзетулер ел азаматтарының барлығы, Қазақстан халқының дауыс беруімен енгізіледі. Сондықтан ел болашағын ойлайтын әр азамат өз таңдауын жасауы керек», – деді мәжіліс депутаты Амангелді Бердалин.

Конститутциядағы өзгерістер еңбек ұжымына қарапайым мысалдармен түсіндірілді. Ендігі кезде Мемлекет басшысы қандай да бір облыс, не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты баламалы негізде ұсына алатыны айтылды. Оларды облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары таңдайтын болады.

Кездесуде теміржолшылар ерекше белсенділік танытып, өздерін толғандырған  сауалдарын қойып, пікірлерін де білдірді. Қазақстанның болашағы, даму сатысындағы жаңа бастамалары, зейнетақы жасы, жұмысшылардың жағдайы, елдің және тіл болашағына қатысты мәселелерді көтерді. 

Теміржолшылар қаласы атанған Шалқар өңірінен шыққан Ербол Данағұлов теміржол саласының ел экономикасына қосып отырған үлесі мен маңыздылығына тоқталды. «Мемлекетіміз халықтың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасап келеді. Кезінде Шалқардан теміржол өтетініне ешкім сенбеген. Құм далада теміржол салып, ел экономикасының шарықтауына үлес қосады деген әңгіме ертегі сияқты айтылатын. Міне, қазір сол салада өздеріңіз жүрсіздер.  Мыңдаған жүк вагондары Шалқар арқылы өтіп, жолаушылар пойызы жүйткіп жатыр. Қазір ол жердегі әр шаңырақты теміржолшы асырап отыр. 

«Нан тауып жейтін тұрақты мамандық» деп балаларын теміржолшы қылуға тырысады. Осының барлығы сіздердің еңбектеріңіз», – деді Ербол Данағұлов. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды