Қандыағаш жол дистанциясы қауіпсіздікті күшейтті

Жаңалықтар
03.06.2022, 13:21
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш жол дистанциясы жол бойын қараусыз жүрген малдан қорып, қауіпсіздік шараларын күшейтті. Жазға қарай жер аяғы кеңіп, тұрғындар төрт түліктерін бетімен қоя беретіні теміржолшыларға артық жұмыс жүктеп отыр.

Әсіресе «Қандыағаш-Жем», «Қандыағаш-Никельтау» бағыттарындағы темір жол бойы тұрақты бақылауға алынған. Соның ішінде Рзд 48, Жұрын, Ізімбет, Рзд 313, Рзд 315, Темір бекеттері қауіпті болып тұр. Осы төңіректегі елді мекендерде жеке меншік және шаруа қожалықтарының малдары көп, қараусыз жайылған төрт түлік пойыздар қозғалысына айтарлықтай қауіп төндіруде.

– Біздің жолшылар ертелі-кеш жол бойын малдан қорып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар қанша жанның ақ-адал өсіріп отырған малын да сақтап отыр деуге болады. Талай рет машинистер оқыс тежеу беріп, пойыз- дар қозғалысының кестесі бұзылғанын айтпасқа амал жоқ. Сәл кідірістің өзі аймақтағы қозғалысқа кері әсер етеді. Бірақ оны түсінетін халық жоқ болып тұр, өкінішке орай, – дейді Қандыағаш жол дистанциясының жол инженері Жадыра Еңсегенова.

Жол инженерінің айтуынша, қазір стратегиялық аумақта жайылған мал иесіне «Әкімшіліктік құқық бұзушылық» туралы Кодекстің 559-бабы 1-тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны ескертіліп жатыр. Қазіргі уақытта жергілікті әкімшілікпен бірлесіп, темір жолға шыққан малды айдап алып келіп қамайтын қоршау салу қолға алынған. Бұл қараусыз мал мәселесін түбегейлі шешпесе де айыппұл төлеуден қашқандар төрт түлігіне ие болар деген үміт бар.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды