Қанға сіңген кәсібі

Жаңалықтар
03.06.2016, 18:30
Астаналық белгі беру және байланыс дистанциясының радиобайланыс өндірістік телімінің бастығы, Құрметті теміржолшы Кеңесбек Сарыбаевтың өмірін өнеге ете отырып, бүтіндей бір теміржолшылар әулетінің де шежіресін толықтай шертуге болады. Сарыбаевтар династиясының ата кәсібіне беріктігіне бүгінде темірдей тәртіпке бағынған саланы әулеттің төртінші буыны таңдауы куә дер едік. Сыр өңірінен түлеген теміржолшының атасы Қабыланбек алғаш 1928 жылы жолшы болып династияның негізін салған еді. Оның ұлы, Кеңесбектің әкесі Махамбетжан болса белгі беру және байланыс саласын таңдады. Білім мен біліктілікті қажет ететін бұл кәсіпті кейіпкеріміз Кеңесбек те ерте бастан таңдап қойды. «Туғалы көзді ашып көрген, қанға сіңген кәсібіміз болған соң шығар, басқа мамандық туралы ойлап та көрген емеспін. Әрі өзім мектепте жүрген кездерде теледидар, радио секілді электроникалық құралдарды жақсы жөндейтінмін. Ақыры сол бағытпен кеттім ғой, міне», – дейді өзі. Бүгінде оның  еңбек өтілі 26 жылға жетті. Сегіз ағайынды жігіт ағасы сол бауырларының барлығы дерлік теміржолшы екенін айтады. Ал өзінің жұбайы Гүлмира да және үш ұлының екеуі – Руслан мен Ерлан да теміршолшы. Кенжесі Мирас әзірге мектепте оқиды. –Отан алдында борышымды өтеп, туған жерім Қармақшыға келген соң Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясына монтер болып жұмысқа кірдім. Ол кезде оқымаса да жұмысқа алып, кейін оқытып алатын. Солай етіп, мені келген жылы бірден Ресейдің Воронеж қаласына 9 айлық курсқа жіберді. Оқып келгесін механик болып еңбек еттім. Сосын Жосалыда осы бағытта жұмысымды жалғастырдым. Ал 2007 жылы отбасыммен Елордамызға көшіп келген соң, мен бүгінгі еңбек етіп жатқан дистанцияның механигі болып бастап, жарты жылдан соң телім бастығына көтерілдім, – дейді теміржолшы. Жоғары білімді сырттай оқып алған ол темір жолдағы тәжірибесіне көбірек сүйенеді. Астанаға келгенде ШЧ мекемесінің радиобайланыс цехының қордаланып қалған шаруаларын демалыс көрмей, айналасындағы жігіттерін жұмылдыра жүріп атқаруы оның басшы ретіндегі жауапкершілігінің жоғары екенін  бірден байқатқан болатын. Біртіндеп бәрін ретке келтіріп, жұмысты өз арнасына түсірген телім қызметкерлері бүгінде үш цех жұмысына жауапты. Темір жолдағы қауіпсіздік, жол бойындағы, нақтырақ айтқанда, Ерейментау – Жалтыр желісі, ТҚКҚ, Астана, Қырқыншы станциялар мен №39 бекеттегі телімдер бойынша радиобайланыстың ақаусыз жұмыс істеуін үнемі қадағалап отырады. Білімін жетілдіру мақсатында соңғы жылдар ішінде Германияға Тэтра жүйесіне қатысты он күндік оқуға барып келген Кеңесбек білгендерін өз қарамағындағы 50-ге жуық механиктер мен монтерларға үйретуден танбайды. Өзінің айтуынша, осында шыңдалып еңбек еткен бірнеше маман бүгінде Ұлттық компания департаменттеріндегі қызметтерге көтеріліп кетті. Жалпы жастардың бойында білуге деген ұмтылыстың зор болуын жақсы көретін ол кезінде өзі де Серік Рзалиев, Жақсыбек Дәрібаев, марқұм Мақсұт Қонақбаев сынды тәжірибелі теміржолшылардан көп нәрсе үйренген. –Сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері келе жатқан ескі техникалар да жаңаланар, жалақымыз да өсер. Тілегім еліміз тыныш, темір жолымыз үздіксіз қауіпсіз қозғалыста халыққа қызмет ете берсін, – деп қоштасты теміржолшы.

Райхан Рахметова

Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?