Ақтөбедегі өрт сөндірушілер қатерлі мезгілде қырағылықты күшейтті

Жаңалықтар
21.06.2022, 18:45
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі өртке қарсы қызмет тілсіз жаудың алдын алу шараларын күшейтіп, тосын оқиғаларға сақадай сай отыр. Ең алдымен жол бойындағы екпе ағаштардың айналасын жырту жұмыстарын пысықтауда. Себебі далалық өрттен қауіп көп екен.

  Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаевтың айтуынша, өртке қарсы қызмет теміржол бойына егілген ағаштар айналасы мен теміржол бойының екі жағын талап бойынша 4 метрдей жыртып, далалық өрттің алдын алуға мүмкіндік жасайды. Сонда ғана қатты жел болмаса, теміржолға қауіп төне қоймайды. Мұнда бес өрт сөндіру пойызы және 2015 жылы Тассай станциясында ашылған бір өрт сөндіру бекеті бар. Сонымен қатар, Бейнеу-Шалқар теміржол бойының 200 шақырымында қызмет көрсету участоктері жұмыс істейді. «Бейнеумен екі арадағы қашықтық 500 шақырымға жуық. Ол жерде өрт сөндіру пойызы жоқ. Сондықтан бекет жұмысы маңызды. Олар осыған дейін сол жерде өртке оранған жұмысшылар ғимаратын аман сақтап қалуға күш салған ұжым. Бекетте он адам еңбек етеді. Өткен ғасырдың 80-жылдары шыққан ескі техникамен жұмыс жасаса да, оны күтіп ұстап, ұтымды пайдаланудың арқасында қиындықтар болған емес», – дейді Әділ Құбаев.  

Өрт сөндіру пойыздарының жылжымалы құрамы ескіргенмен жеке құрамның жамап-жасқап, күтіп ұстауы арқасында кез келген төтенше жағдайға дайын. Әрбір өрт сөндіру пойызында төрт тех- никадан және 100 тонна сумен екі цистерна бар. Автоматты қондырғымен сөндіру, қолмен жұмыс істеу мүмкіндіктерін де пайдаланады. Ақтөбе өрт сөндіру пойызының өзінде 17 адам бар. Қандыағаш стациясында 16, Әйтеке биде 17, Шұбарқұдықта 15, Шалқарда 16, Тассай станциясында 10 адам жұмыс істейді. Әділ Құбаев Ақтөбе бөлімшесін- дегі өртке қарсы қызметте еңбек етіп келе жатқан, осы салада отыз жылдан астам тәжірибесі бар маман. Қарамағындағы өрт сөндірушілер саны 102 адам. Да- был белгісі түскен жерге бірінші болып жететін теміржолдың өрт қызметін аймақта нағыз кәсіби мекеме ретінде таниды. «Биыл алғашқы өрт сөндіру пойыздарының пайда болғанына 101 жыл болады. Бұл қызмет елімізде алғаш рет Орал қаласында жұмысын бастаған екен. Өрт сөндіру пойыздары теміржол бойындағы өртке қарсы күресумен қатар жергілікті елді мекендерде орын алған тілсіз жауды ауыздықтауға да атсалысып келеді. Әлі есімде, 1990 жылы Ақтөбе қаласындағы геотехника зауытында алапат өрт орын алып, Ақтөбе және Қандыағаш өрт сөндіру пойыз- дарының екеуі бірдей тілсіз жау мен күреске белсене қатысып, оқиғаның алғы шебінде жүрді», – дейді Құбаев. Ақтөбе өртке қарсы қызметі үшін бүгінде ең мазасыз маусым басталды. Күн қатты ысып, шілденің түсуімен өрт қаупі бұрынғыдан да артып, өрт сөндірушілер қырағылықты барынша арттырған.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?