«Жәрдем» медпойызы Ақтөбе облысындағы жұмысын бастады

Жаңалықтар
05.07.2022, 13:50
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада «Жәрдем» медициналық пойызы Ақтөбе облысындағы жұмысын бастады. Бүгінде Байғанин ауданын бітіріп, Шалқардың алыс ауылдарында қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мамандандырылған медициналық пойыздың Ақтөбе облысындағы жұмысы 29 маусымнан басталды. Жылжымалы құрам алдын ала бекітілген кестеге сәйкес Ақтөбе облысының 12 станциясына барады. 

«Біздің мақсатымыз еліміздегі сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алмай отырған шалғайда жатқан станциялар мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізу. Ақтөбе облысында 21 шілдеге дейін болып, шалғай елді-мекен тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсетілетін болады. Естімегендер болса хабар таратып, пойыздың кестесін де көрсетіп, халықты құлақтандыру қажет, өйткені, әр станцияда екі күннен тұрып, әрі қарай жылжып кете береміз», – дейді «Жәрдем» медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева. 

Пойыз 29-30 маусым Ноғайты станциясында аялдаса, 1-2 шілде – Қарашоқатта болды, енді 3-4 шілде – Бегімбет, 5-6 шілде – Қотыртас, 7-8 шілде – Бершүгір, 9-10 шілде – Мұғалжар, 11-12 шілде Жұрын, 13-14 шілде – Ақ- кемер, 15-16 шілде – Әйтеке би, 17-18 шілде – Никельтау, 19-20 шілде – Кемпірсай, 21-22 шілде – Мәртөк станцияларында жұмыс істейді. Кесте бойынша таңғы 09.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін медициналық пойыздың мамандары алыс-жақын тұрғындарды түгел қабылдайды. 

Айта кетейік, медициналық пойыздар жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асыруда. 

«Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырда Алматы-2 станциясынан Маңғыстауға аттанып, одан кейін Атырау облысына барды. Дәрігерлердің айтуынша, жергілікті тұрғындарда қант диабеті, омыртқаның остеохондрозы, вирустық конъюнктивит, артрит, артроз, бронх демікпесі, гастрит, панкреатит, холецистит, синусит, бронхит сияқты созылмалы аурулар жиі кездескен.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды