Пойызда тик-ток түсірді

Жаңалықтар
29.07.2022, 16:57
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

№32-33 «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсеріктері «Балалар жылы» құрметіне жазғы лагерьден қайтып келе жатқан кішкентай жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Вагонда тик-ток түсірген жолсеріктер әрекеті желіде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Батыс аймақтық жолаушылар тасымалы филиалының жолсерігі Қуаныш Жеткергенов әлеуметтік желіде танымал. Вагон жолсеріктері Қуаныш пен Қайрат Айтжановтың тик-ток түсіру ұсынысын балалар қуана қабылдаған.

«Кешегі сапарда түсірілген видео. Идея – қасымдағы әріптесім Қайрат Айтжановтыкі. Вагон ішінде Алматыдағы жазғы лагерьден келе жатқан бір топ бала болды. Пойызбен екі тәулік жол жүреді. Осы балалардың көңілін көтерейік, ұзақ жолда зерікпесін деген идеямен осындай ұсыныс жасап едік, балалардың қуанышында шек болмады. «Ура, жасайықшы...» деп шулап қоя берді. Күні бойы «қашан түсіреміз?» деп соңымыздан қалмай, қайта-қайта келеді. Балаларға әсерлілеу болсын деп видео түсіру үшін кешкі мезгілді күттік. Вагондағы барша жолаушы, үлкен кісілер де ерекше әсерленіп, қуанып, мәз болды. Әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілінен шыққаны бізді ерекше қуантып тастады», – дейді жолсерік Қуаныш Жеткергенов.

Әлеуметтік желіні мотивация құралы ретінде пайдаланатын жолсерік жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудан жалыққан емес. Қуаныштың қазіргі уақытта әлеуметтік желіде 14 мыңнан аса оқырманы бар. Теміржол көлігі қауіпсіз, жайлы ғана емес, көңілді де екенін көрсетіп жүр.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды