2022 жылдың 10 айында Ақтау теңіз порты арқылы 3,2 млн. тонна жүк ауыстырылып тиелді, бұл өткен жыл деңгейінен 7%-ке жоғары. Оның ішінде мұнай 1,9 млн астам тоннаны (+7%), астық 385 мың тоннаны құрады. Контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 17%-ке, яғни 26,4 мың ЖФЭ-ге дейін өсті.
Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) бағыты бойынша Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемі өткен жылға қарағанда 66%-ке ұлғайды және де 23,8 мың ЖФЭ-ні құрады.
Ақтау теңіз порты Қазақстан, Иран, Әзірбайжан, Ресей және Түркияны байланыстыратын көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан.