Ақтөбелік рельс зауыты халықаралық көрмеге қатысты

Жаңалықтар
27.12.2022, 11:05
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Германияда өткен әлемдегі ең ірі «InnoTrans 2022» көлік технологиялары көрмесіне қатысқан Ақтөбе рельс-арқалық зауытының танымалдығы арта түсті. Ірі көлік-логистикалық көрме Берлин қаласында, көрме кешенінің 42 залында көрсетілген.

Көрме «Теміржол технологиялары», «Теміржол инфрақұрылымы», «Қоғамдық көлік», «Интерьерлер» және «Тоннельдер салу» секілді бес сегментке бөлінген.  

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық көрмеде «АРБЗ» ЖШС өнімдеріне қызығушылық танытқандар көп болған. Көптеген компаниялар рельстік өнімді сатып алу бойынша ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату туралы ой білдірген. Қажетті жабдықтар шығаратын фирмалармен байланыс орнатылған.  

Компания оған дейін Екатеринбург қаласында өткен «ИННОПРОМ-2022» халықаралық көрмесіне қатысқан болатын. «Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге» тақырыбындағы шара – Ресейде өткізілетін индустрияландыру саласындағы ірі көрмелердің бірі.  

Рельс шығаратын компанияның «визиттік карточкасы» ретінде ДТ350 санатты ұзын өлшемді рельстері аталады. Олардың жоғары жылдамдықты магистральдарда, сондай-ақ жоғары жүк тасымалдау желілерінде тиімділігі дәлелденген. Сәйкесінше, рельс ұзындығының артуына байланысты жапсарлардың санын азайтуға болады. Бұл теміржол төсемін салу кезінде қаржылық шығындарды азайтып қана қоймай, теміржол құрамын да, рельстердің тозуға төзімділігін де арттырады. Нәтижесінде жолаушылар пойыздарының жүріс жатықтығына, ал жүк пойыздарының жылдамдығына қол жеткізуге болады.  

Ішкі нарықта зауыт өнімдері үлкен сұранысқа ие. Қазақстан темір жолының қажетін өтеумен қатар едәуір бөлігін посткеңестік елдерге жөнелтіп отырған компания қазір Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Түркіменстан, Ресей және Эстония елдерімен тығыз байланыс орнатқан.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды