Ақтөбе станциясы мұз құрсауынан босатылды

Жаңалықтар
27.01.2023, 09:23
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында жолаушылар пойызына арналған екі жол қардан тазартылды. Вагондарға су құю кезінде қатқан мұздар ойылып, жолаушыларға қауіпсіз болу үшін перрон да мұз құрсауынан босатылды.

Бұл жұмысқа Ақтөбедегі бірнеше теміржол мекемелерінен жүзден аса жұмысшы жұмылдырылды. Ақтөбе станциясының бастығы Нұрлан Ермағамбетовтің айтуынша, осы бір күннің өзінде станция аумағындағы 700 метр аумақ қар мен мұздан толықтай тазартылған.  

«Басты жолды қардан, мұздан тазалау жұмыстары апта сайын ұйымдастырылады. Бұл ең алдымен жүргіншілердің және жылжымалы құрамның қауіпсіздігі үшін маңызды», – дейді ол.  

Таңғы сағат тоғыздан аса жұмысқа кіріскен теміржолшылардың қимылы еріксіз сүйсіндірді. Таңғы ауадағы аздаған аязға қарамастан ширақ қимылға көшкен жігіттердің мұзға қадаған күректерінің шарт-шұрт дыбысы бірдей ырғақпен қайталанып жатыр. Ал қар тазалайтын техника әрі-бері бірнеше қайтара жүріп өтіп, жол жиегінен ойылған мұзды жинау жұмыстарын жеңілдетуде.  

«Мұз көтерілсе, қос рельстің бойымен жүріп тұрған тоқты жауып қалуы кәдік. Ол жылжымалы құрамның жұмысын қиындатып, механиктер жұмысына кедергі келтіреді. Сондықтан рельстегі мұзды үнемі ойып отырамыз. Мұзды түсіріп, қауіпсіздіктің сақталуына күш саламыз», – дейді жұмысқа жетекшілік етіп жүрген жол дистанциясының бригадирі Сайран Бақбергенов.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды