Ақтөбе вокзалында күдікті адамдардың жүріс-тұрысы қатаң тексеріледі

Жаңалықтар
10.02.2023, 09:57
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржол вокзалы арқылы 13 жұп жолаушы пойызының тасымал қызметі ұйымдастырылады. Екі бірдей халықаралық пойызды қабылдап отырған кластан тыс станцияда қауіпсіздікті арнайы тексеру қызметі бақылайды.

Вокзалда жолаушыларға сервистік қызмет көрсету деңгейі талапқа сай деп айта аламыз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған билет кассалары, электронды кезек жүйесі жұмыс істеп тұр. Тоғыз кассаның үшеуінің жұмысын «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырып отыр. Қалған кассалар жеке кәсіп иелеріне тиесілі. Кассалар қызметі қатаң бақылануда, алыпсатарлар жоқ. Төлем терминалдары, пойыздардың жол жүру кестесі, ақпараттық-анықтама тақтасы бар. Асхана, дәмхана, дәріхана, полиция бөлмесі, жүк сақтау қоймасы, күту залы, мүгедектерге арналған демалыс бөлмесі, сауда дүңгіршектері мен тегін әжетхана жұмыс істеп тұр.  

Лаңкестікпен күресті қамтамасыз ету мақсатында вокзал кіреберістеріне өткізу турникеттері қойылған. Оны арнайы тексеру қызметі бақылап отыр. Бейнебақылауда тәулік бойы оператор отырады. Оқыс әрекет, күдікті адамдардың жүріс-тұрысы қатаң тексеріледі. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бақылайтын желілік тәртіп сақшыларынан бөлек әскерилендірілген күзет қызметі бар.  

Вокзалдың хабарландыру радиосы жақсы жұмыс істейтінін аңғардық. Онда кез келген дүниеге жарнама жасалып, насихатталмайды. Құзырлы мекемелерден келген арнайы хабарландырулар мен мемлекет шешімдері туралы мәліметтер таратылады екен. Қазіргі уақытта, мысалы, қауіпсіздіктің сақталуын ескертуден басқа көліктерді тіркеуге қатысты ақпарат жүріп жатқанын байқадық.

– Ақтөбе теміржол вокзалы тәулігіне 3-4 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. 13 жұп пойыз өтеді, екеуі – халықаралық жолаушылар тасымалы қызметіндегі қырғыз және өзбек елінің пойыздары. Сондықтан вокзал шаруашылығы жоғары стандарт негізінде жұмыс істейді. 60-қа жуық адам еңбек етеді. Вокзал алдында қала тұрғындары мен жолаушылардың демалуына арналған аллея бар. Қазіргі кезде вокзал алаңы мен перронды қар мен мұздан тазалау апта сайын ұйымдастырылуда, – деді вокзал бастығы Арсен Кенжин.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды