Алматы теміржол вокзалы ҚТЖ-ға қайтарылады

Жаңалықтар
30.03.2023, 10:46
Оқуға 2 мин

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде Алматы теміржолы маңындағы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Rail-news.kz «Алматы ақшамы» газетіне сілтеме жасап.  

Алматы әкімі Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесіп, халық тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді. Тұрғындардың бірі әкімге Алматы теміржол вокзалына қатысты сұрақ қойды.  

«Вокзал алдында үнемі кептеліс болып тұрады. Бұл көлік тығыны Шолохов көшесіне дейін созылады. Алматыдағы бірінші вокзалға 50 жыл болады. Сондықтан оған аз да болса жөндеу жұмыстарын жүргізуіңізді сұраймыз. Екіншіден, 1927 жылы құрылыс басталып, 1930 жылы аяқталған Түрксібтің жүз жылдығы жақындап қалды. Біздің аудан осы атақты теміржолдың атымен аталғаны белгілі. Сондықтан оның ғасырлық мерейтойына орай Алматы-1 теміржол вокзалының алдына Түрксіб заманынан қалған паровоз қойылса дейміз. Аудан әкімдігімен сөйлестік, түсіністік бар. Осы мәселені қарастырып, рұқсат беруіңізді сұраймыз», – деді аудан тұрғыны.

Алматы қаласының әкімі өз кезегінде қаладағы екі станция да өте маңызды көлік инфрақұрылым жүйесі екенін айта келе, Алматы-1 теміржол вокзалы маңындағы аумақ ретке келтірілетінін жеткізді.

«Вокзал маңында автотұрақ ретінде ұйымдастыруға болатын жеке аймақ бар. Мен жер қатынастары бөліміне осыны қарауды тапсырдым,  бәлкім, аумақты көп көліктерден босату үшін көп деңгейлі автотұрақтар салу керек болар. Вокзалды жөндеу үшін екі станцияны да Қазақстан темір жолына қайтарамыз деп шештік. Олар жөндеу жұмыстарын жоспарлап, вокзалды дамыту үшін қаржы салуды көздеп отыр. Түрксібтің жүз жылдығына келсек. Әкімдерге, қалалық комиссияға тапсырма беріледі. Ауданның атауы осы теміржолдан шыққандықтан бұл мереке ерекше аталып өтуі тиіс. 2023 жылы Түрксіб ауданына 85 жыл толады. Іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәслихат өз жұмысын бастаған бойда биылғы жылы Түрксіб өңірінің барлық өзекті мәселелерін шешуді сұрап, оған жүгінетін боламыз», – деді Ерболат Досаев.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды