2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ паркінің вагондарын жөндеу жоспары 115% орындалып, 1574 вагон жөнделді, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Наурызда жөнделген вагондар саны 585 бірлікті құрады. Оның ішінде күрделі жөндеумен 185 вагон қамтылды, деполық – 400 вагон. Жоспар 113% орындалды.