Темір жол саласының құқық қорғаушылары марапатталды

Жаңалықтар
12.04.2023, 14:13
Оқуға 2 мин
Сүретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздегі тергеу қызметінің құрылғанына 60 жыл толған датаға орай темір жол саласының құқық қорғаушылары да мерейтойлық төсбелгімен мараптатталды.    

Ақтөбе станциясында өткен салтанатты шараға көліктегі полиция ұжымы, ардагерлер салтанатты парадтық формамен келді. Тергеу қызметінде ұзақ жылдар бойы еңбек атқарған аға буын ардагерлер шараға арнайы шақыртылған. Сала ардагерлеріне «ҚР ІІМ Тергеу қызметіне 60 жыл» төсбелгілері және бөлім бастығының алғыс хаттары табысталды.

«Тергеуші қызметі – қызығы мен қиындығы қатар жүретін сала. Халықаралық деңгейде, ел аумағында тасымалданған жүктердің және жолаушылардың қауіпсіздігі аса маңызды. Темірдей төзімділікті талап ететін сала. Ең маңыздысы –  әр қылмыстық істің артындағы адам тағдырына деген жауапкершілікті ескеріп, абыроймен қызмет атқару», – деді салтанатты жиында сөз алған сала ардагерлері.  

Шарадан соң тергеушілер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.  Нәтижесінде «Үздік шабуылшы» номинациясын әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы Тимур Сайляуов алса, «Үздік қақпашы» номинациясын патрульдік полиция тобының полицейі Руслан Тильмаганбетов иемденді. «Үздік қорғаушы» номинациясын Экстремизмге қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі Нұрназарбек Даулетов қанжығаласа, ал «Үздік гол» номинациясы тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Абылайхан Өтеуовке бұйырды. Барлық жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ Көліктегі полиция департаменті ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының тергеушісі» тақырыбындағы көркем сурет салу сайысында туындылары үздік танылған тергеушілердің балалары алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Мереке соңында қонақтарға шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды