Вагондар кезең-кезеңмен жаңаруда

Жаңалықтар
28.07.2023, 09:49
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жолаушы тасымалына қатысты, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қызметін биылғы алты айда елімізде 6,5 млн адам пайдаланған. Өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш айтарлықтай өскен.  

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы 11,6 млн адам тасымалданса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 14 млн адамға жеткен. Жыл соңына дейін жоғарыдағы көрсеткіш алты жарым млн екі еселенетіні айдан анық. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда жолаушылар тарапынан теміржол көлігіне сұраныс тұрақты сақталып отыр. Әйтсе де, жолаушылар ескірген вагондерге жиі шағымданатынын ескеру қажет.  

Қазір елімізде 2 553 жолаушы вагоны бар. Олардың жартысынан астамы 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. 486 вагон шамамен 11-20 жылдай жолаушылардың игілігіне пайдаланылып жүр. Десе де 957 вагон немесе 37% расымен ескірген, өйткені олар 28 жылдан артық қолданыста. Осы ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жұмысты мақсатты түрде және кезең-кезеңмен іске асырып жатқанын айта кеткен дұрыс. Айталық, кейінгі 10 жылда вагондар паркі 50%-ға жаңартылды. 2010 жылдан бастап 1 100- ден астам жолаушылар вагоны, оның ішінде 600-ден астам «Тальго» вагоны сатып алынды.  

Былтыр отандық вагон жасау зауытының базасында швейцариялық технология бойынша шығарылатын жеңіл вагондарды жеткізіп, оларға техникалық қызмет көрсетуге байланысты келісімшартқа қол қойылды. «Stadler» компаниясы еліміздің басты теміржол операторы үшін 537 жеңіл вагонды құрастыру жұмысын ұйымдастыру мақсатында (2025-2030 жылдар аралығында) зауыттың өндірістік алаңы мен жабдықтарын жаңғыртуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге биыл «ЗИКСТО» АҚ-нан 50 жаңа жолаушылар вагоны келеді деп жоспарланған. Теміржол көлігіне сұраныс қашан да болатынын ескерсек, вагон паркін кезең-кезеңмен жаңарту – уақыт талабы.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті