ҚТЖ-да теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті (Фото)

Жаңалықтар
05.08.2023, 12:18
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көлік қызметкерлері күні қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында теміржолшылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтіп, онда еңбекте озат деп танылған бір топ сала еңбеккері «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.  

Жиынның ашылу салтанатында алдымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев сөз алып, Компания жетістіктерімен таныстырды.  

«Құрметті әріптестер сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Компания теміржолшылардың төл мерекесін жоғары жетістіктерімен қарсы алып отыр. Компания тәуелсіздік жылдарындағы жүк айналымы бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Геосаяси  өзгерістерге қарамастан контейнерлік транзит өсіп отыр. Ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жаңа жолдар құрылысы басталды. Локомотив паркін жаңарту шапшаң жүріп жатыр. Мұның бәрі Компанияның сан мыңдаған еңбегіне адал, жауапты, ұйымшыл адамдарынан құралған ұжымдарының арқасы. Кәсіби мереке құрметіне Компания мен саланың дамуына сүбелі үлес қосқан мыңнан астам қызметкер марапатқа ұсынылды. Бұл күні біз ізін басқан іні буынға ақыл айтып, бағыт-бағдар беретін сала ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетеміз. Бүгін біздің ортамызда Консультативтік кеңестің  және Ардагерлер кеңесінің мүшелері, аға буын ардагерлеріміз отыр. Жаңа ғана біз олармен кездестік. Ағаларымыз өздерінің тілек-баталарымен қатар ескертпелерін, ұсыныстарын да айтты. Әлбетте, мұның бәрі ескерілетін болады. Алда атқарылар жұмыс көп. Заман талабына сай жаңа технологияларды енгізу, саланы дамыту, тасымал өнімділігін арттыру, Компанияның алға қойған мақсат-міндеттерін іске асыруға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын мамандарға қолдау көрсету, теміржолға тиімді инновациялық  жаңашылдықтарды қолдану біздің бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз. Біздің Компанияда өте талантты, салауатты өмір ұстанып, спортты серік еткен қызметкерлер көп. Қазір салтанатты шараға алдағы күндері «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры ұйымдастырғалы отырған спартакиадаға барын салып, дайындалып жатқан спортшы-теміржолшыларымыз да бар. Біз оларға жеңіс тұғырынан табылып, компания абыройын асқақтата беруге сәттілік тілейміз», – дей келе Нұрлан Сауранбаев, компанияға табыс, теміржолшыларға береке, елге бейбітшілік тіледі.

Бұдан кейін ол биыл Компания бойынша «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталып жатқан барлығы 76 адамның ішінен арнайы Астанаға шақырылған 11 сала қызметкеріне мәртебелі белгіні кеуделеріне тақты. Атап айтқанда, олар «Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясының жол машинасының машинисті С.Қазмағамбетов, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы электрмен жабдықтау ауданының электромеханигі Н.Есалиев, Атырау жол дистанциясының жол шебері А.Ертаев, Илецк теміржол учаскесі филиалы Батыс теміржол учаскесінің жол шебері А.Ганюшкин, Қостанай ЖТ бөлімшесіне қарасты техникалық бөлімнің бастығы Р.Әбенова, Павлодар жүк тасымалдау бөлімшесі Екібастұз станциясының пойыз құрастырушысы Б.Ошақпаев, Сексеуіл локомотив пайдалану депосының локомотив бригадаларын оқыту нұсқаушысы М.Игіліков, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» өңірлік филиалының аға нарядшысы Ш.Искабаева, «ҚТЖ-Жолаушылар локомотиві» ЖШС Сексеуіл станциясының аймақтық бөлімінің бастығы Б.Аяғанов, «Жолаушылар тасымалы»  АҚ «Батыс» өңірлік филиалы Маңғышлақ учаскесінің бастығы Қ.Сахипов, «Вагонсервис» АҚ Алматы жолаушылар вагондарын жөндеу филиалының техникалық жолаушылар паркінің жетекші инженер-электроншысы А.Литвиненко болатын.  

Марапатталушылар атынан теміржол саласында 35 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатқан «Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясының жол машинасының машинисті С.Қазмағамбетов сөз алып, еңбектерін елеп, әділ бағасын беріп жатқан Компания басшылығына алғысын білдіріп, әріптестеріне ақжарма тілегін білдірді.  

Ресми бөлімнен соң теміржолшылар өз әріптестерінің күшімен ұйымдастырылған тамаша концертті тамашалады. Бұл жолы мерекелік концертке өңірлерде теміржолда тер төгіп жүрген өнерпаз талантты жастар да қатысып, көпшілікті көңіл сергітер әдемі әндерімен, шығармашылық еңбектерімен тәнтті етті. Тіпті, олардың арасында өз әндерін жолсерікке, теміржолға, машинистке арнаған жастар да болды.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті