Атырау магистральдық желі бөлімшесінде де ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиын өтіп, бөлімше басшысы Аралбай Қосымбаев шараға қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Республика күні өңірде еңбегі ерекше бағаланған екі азамат «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Олар – Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясының байланыс телім бастығы Ізғали Демебаев пен Атырау жол дистанциясының телім бастығы Жасұлан Амиров. Үздік «Жас маман» төсбелгісін Құлсары жол дистанциясының өндірістік техникалық бөлім бастығы Ә.Бурабеков кеудесіне қадады. Сонымен қатар Атырау сигнализация және байланыс дистанциясының СОБ аға электрмеханигі Н.Жолдасов «Кәсібі бойынша үздік», жол шебері-өндірістік аймақтың бригадирі Р.Мендешов «Үздік жол шебері» төсбелгілерімен марапатталды. Бірқатар сала қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағаларының құрмет грамоталарымен, алғыс хатымен марапатталды.  

Теміржол саласында ұжымның бірлігі мен ынтымағын нығайтуға, қызметкерлердің әлеуметтік мүдделерін қорғауға және теміржол саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар кәсіподақ төрағалары, төрайымдары, кәсіподақ мүшелері ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының алғыс хатымен, «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар биыл Ақжайық қалпына келтіру пойызының құрылғанына 90 жыл, Акжайық өрт сөндіру пойызының құрылғанына 85 жыл, Мақат вокзалына 60 жыл, Атырау вокзалына 55 жыл толуына орай аталған кәсіпорындардың бірнеше мамандары мен зейнеткерлері жоғары кәсіби шеберлігі және ерекше сіңірген еңбегі үшін мерекелік медальдармен марапатталды.