Ұлттық мерекеге орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясында озат қызметкерлерді марапаттау жиыны өтті. Іс-шарада дирекция директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Александр Кирович әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, еңбегімен ерекшеленген теміржолшыларға марапаттарын табыстады.

Жиында еліміздің өңірлерінен келген саланың еңбек озаттары әртүрлі марапаттарға ие болды.  

– Семейден басталған еңбек жолым Астанада жалғасып, 45 жыл теміржолға еңбек етіп зейнетке шықтым. Теміржолда автоматика, телемеханика және байланыс саласында қызмет еттім. Осы жылдар ішінде еңбегім бағаланып, «Құрметті теміржолшы» атағына дейін берілді. Бүгін міне бір жыл бұрын зейнетке шықсам да шақырып, «Еңбек ардагері» белгісін кеудеме тақты. Мерекеде бізді ұмытпай, елепескеріп жатқан басшылыққа алғыс айтамын, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы Ақмола бөлімшесінің зейнеткері Жетпісбай Шаранов.