Ескі вагондарды кәдеге жаратты

Жаңалықтар
06.09.2023, 11:25
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Жақында «Қырғыз темір жолы» қайта жаңғыртылған вагондарды таныстырды. Ескі вагондар адам танымастай өзгеріп, жаңа келбетке ие болған. Бұл вагондар тек республика ішінде қатынауға арналған.

Есептен шығарлыған бұл құрамалар вагон жөндеу зауытында қайта құрастырылған.  

Вагонның өрт және электр қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкестігі жөніндегі барлық рұқсаттары алынға және соған сай беріктік пен қауіпсіздігі сынақтан өткен.

«Айта кету керек, модернизациялау кезінде вагонның құрылымдық бөлігі өзгерген жоқ, вагонды модернизациялау салонды жақсарту және теміржол көлігімен саяхаттауды таңдаған адамдар үшін вагонда ыңғайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету болды», – делінген «Қырғыз темір жолы» мекемесі таратқан мәліметте.

Жолаушыларға жайлы болу үшін терезе саңылаулары үлкейтілген және панорамалық терезелер орнатылыпты, бұл сапар кезінде жайлы әрі жекелей орнатылған орындықтарға жайғасып алып Қырғызстанның әдемі табиғатын тамашалауға мүмкіндік береді.

Оған қоса вагонның жүріс бөліктеріне жаңа элементтер мен автотежегіштер орнатылған, бұл қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сапардың ыңғайлылығы үшін қысқы-жазғы ауаны баптау жүйелері, ал жолаушыларға ыңғайлы болу үшін көлікте сусындарды салқындату үшін тоңазытқыш пен ауыз су құрылғысы орнатылған.

Сонымен қатар пойызда кетіп бара жатқан жолаушы жаңа толық экранды теледидарлардың бейне стерео жүйесінің сапасын бағалай алады.

Аталған мекеме вагондарды қайта жаңғырту жұмысын сырттан ешқандай күш тартпастан, өздері жасап шыққандарын айтуда.

Айта кетсек, осы жылдың алты айында «Қырғыз темір жолы» 111 553 жолаушыны тасымалдаған, оның ішінде 7 656 адам халықаралық қатынаста.

Сондай-ақ алты айда 4 млн тонна жүк тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 120,2% жоғары, таза өсім 736,4 мың тонна.

«Қырғыз темір жолы» ҰК» МКҚК тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құрам мен темір жол паркін қалыпты жағдайда ұстау үшін ескірген вагондарды қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіп келеді.

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін 8 шақырымнан астам ағаш шпалдар темірбетонға ауыстырылып, 2 шақырымды жаңа рельс төселген.

Тағы бір айта кетерлігі, осы жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Қырғыз темір жолы» жүк тасымалы бойынша тарифтер бағасын 10%-ға көтермек.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті