Көлік министрі Ақтөбеде маңызды нысандарды аралады

Жаңалықтар
24.10.2023, 09:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Көлік министрі Марат Қарабаев жергілікті авто және теміржол инфрақұрылымдарымен танысып, әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Ақтөбе және Қандыағаш темір жол вокзалдарында болған министр жолаушылар сервисін жақсартуға тапсырма берді.

Көлік министрі өңірге сапарын тұрғындармен кездесуден бастады. Марат Қарабаевпен кездесу туралы алдын ала БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерде хабарланып, кездесуге қоғам белсенділері мен әуе, теміржол және автожол салаларының жауапты өкілдері қатысты.  

Қала тұрғындары ведомство басшысына жылу электр орталығы, мемлекеттік жергілікті электр станциясы және басқа да кәсіпорындар үшін көмір тасымалдауды қамтамасыз етуге қатысты сұрақтармен жүгінді. Облыс тұрғындарының басым көпшілігі жергілікті автожолдардың сапасына сын айтты. Сондай-ақ теміржол вокзалдарының жай-күйі, билет бағасы, авиабилеттердің қолжетімсіздігі сөз болды.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев Ақтөбе теміржол вокзалына барған министрді қала қақпасының жұмысымен таныстырды.  

«Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша вокзалдардың қаржылық көрсеткіші көңіл көншітпейді. Осыған байланысты Ақтөбе облысындағы көлік инфрақұрылымының әлеуметтік маңызды объектілерін дамыту жоспарлары мен жолаушылар сервисін жақсарту мәселесін қарастыру керек», – деді министр.  

Вокзал ішін аралап көрген Марат Қарабаев қыста салқын болатын темір орындықтарды ауыстырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуды тапсырды.  

«Вокзалдардағы жағдайды жақсартуға бюджеттен қаржы қарастыру туралы ой бар. Жағдайды көзбен көріп, жан-жақты есеп-қисап жасап, шешім қабылдайтын боламыз», – деді Қарабаев.  

Ақтөбе және Қандыағаш станцияларындағы теміржол вокзалдары 40-50 жыл бұрын салынған. 2013 жылы күрделі жөндеуден өткен. Бүгінгі таңда халықаралық транзиттік жолаушылар пойыздарын қоса алғанда, екі вокзал арқылы 18 бағытта жолаушылар пойызы қатынайды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды