Ақтөбе станциясында он күнде 130 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтар
07.12.2023, 10:27
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында он күн ішінде 130 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орында қару алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Станцияда 20-30 қараша аралығында өткен «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Көліктегі полиция департаменті әсіресе күніне жүздеген адам келіп-кететін вокзалдың ішкі және сыртқы бөлігіндегі қоғамдық тәртіпті жіті бақылауға алды. Жедел-профилактикалық іс-шара теміржол қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілуде.

«Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықты болдырмау, вандализм фактілерінің алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүрмеуін бақылауға алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізуде. Қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды», – деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Онкүндік шара кезінде қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 20 адам арнайы орынға жеткізілді. Ортаны ластап, қалдықтарды жолға тастаған 19 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар белгіленбеген жермен жүру, қоғамдық орында болу тәртібін бұзған 81 адам тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Сонымен қатар өзімен бірге кастет алып жүрген жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды