Көлік министрлігі теміржол қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады

Жаңалықтар
29.01.2024, 10:48

«Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясының өткен жылғы қызметінің қорытындылары және осы жылға арналған жоспарлары компанияның еншілес ұйымдары мен барлық өңірлік бөлімше өкілдерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте талқыланды. Іс-шараға ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында өндірістік көрсеткіштердің өсуінің оң динамикасының сақталуы атап өтілді. Контейнерлердегі транзиттік тасымалдар 1 млн 28 мың ЖФЭ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,5%-ға артық. Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 22%-ға өсіп, 28 млн тоннаға жетті.

2023 жылы теміржолдарды жөндеу бойынша ауқымды көрсеткіштерге қол жеткізілді. 1443 км теміржол төсемі жаңғыртылып, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе артқан. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары басталды. Олардың қатарында, Дарбаза – Мақтаарал темір жол желілері, Бақты – Аягөз (Қытаймен үшінші шекара өткелінің ашылуы), Алматының айналасындағы айналма желісін салу. Достық-Мойынты учаскесінде 300 шақырымнан астам екінші жол мен Сиань қаласының Қытай құрғақ портында Қазақстанның жүк терминалы салынды.

Бүгірде ҚТЖ-да 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2023 жылы жалақы 20%-ға көтерілген. Бүгінгі таңда компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы республикалық деңгейден 26%-ға асып түсті. 2023 жылы қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. Желілік қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін 384 бірлік көлік сатып алынды. ҚТЖ желісі бойынша жұмыс жүргізу үшін шалғайдағы станцияларға шығатын теміржолшылардың толыққанды демалуы үшін қажетті барлық затпен жабдықталған 132 модульдік ғимарат орнатылды. 2024 жылы 120-дан астам модульдік ғимарат орнату жоспарлануда. Сонымен қатар бүкіл ел бойынша тозығы жеткен құрылыстарды ауыстыру үшін теміржол бойындағы аралықтарда 1224 жылыту пункті орнатылған. Алдағы қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Ұлттық компания қызметінің басым бағыты теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қала береді. Сондай-ақ 2024 жылға көзделген негізгі міндеттердің бірі — тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту.  

Кеңес қорытындысы бойынша Мақсат Қалиақпаров теміржол көлігі қызметкерлеріне Қазақстан көлік министрінің атынан Алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты