Қиыршық тас тасымалы жандануда
Жаңалықтар
10.06.2016, 12:04
Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын қолданысқа берілген Хромтау – Алтынсарин темір жол тармағында бой көтерген Әйтеке станциясының жұмысы тарихы тереңде жатқан станциялардыкінен кем емес. Шағын станцияның күнделікті тыныс-тірлігі, жұмысы туралы станция бастығы Жандос Әбдіжалелов егжей-тегжейлі баяндап берді.
–Ақтөбе облысы мен Астана уақытының арасындағы айырмашылық бір сағат. Соған қарамастан, елорданың уақыт есебіне ыңғайлануға тура келеді. Сөйтіп, таңғы сағат сегізге он бес минут қалғанда жұмыста боламыз. Түнгі ауысымның жұмысын шолып шыққан соң, түсірілген, тиелген вагон саны, жүк түрі мен көлемі туралы барлық мәліметтерді жинап, сараптап, бөлімшеге хабарлаймыз. Санаулы сағаттан соң, орталық аппаратпен селекторлық байланысқа шығамыз, – дейді Жандос Әбдіжалелов.
Станция бастығы тәуліктің алғашқы жартысында атқарылған жұмыстардан соң, түстен кейінгі іс-шараларды жоспарлап отырады. Астана қаласымен күннің екінші бөлігінде тағы байланысқа шығады екен.
–Бүгінде біздің станция үстінен тәулігіне орташа алғанда он пойыз пойыз өтеді. Қазірге дейін алты пойыз қабылдадық, – дейді жұмыс барысын түсіндірген Жандос Тұңғатарұлы.
Онфың айтуынша, мұнда күнара жүк тиеледі. Айына қырықтан астам вагон астық тиеледі. Әйтеке би ауданы Қостанай облысымен іргелес болғандықтан, астықты алқап саналады. Сонымен бірге, Ақтөбе облысында газбен толық қамтылмаған өңір осы Әйтеке би ауданы. Аудан орталығына көгілдір отын енді тартылып жатыр. Дегенмен, ауыл аймақтардағы әлеуметтік-әкімшілік мекемелерді жылыту үшін көмір пайдаланылуда. Шалғай ауылдарда газ жеткенше, көмір жағуға мәжбүр. Демек, темір жол көлігімен тасымалданатын көмірге сұраныс бар.
Соңғы айларда еліміздің батыс бөлігінде авто және темір жол құрылыстары қызу қолға алынған. Сондықтан, өңірде қиыршық тас тасымалы жанданып келеді. Ал оны тиеу үшін думкарларға сұраныс артқан. Бұл өз кезегінде Әйтеке би станциясының жұмысы үшін тиімді болып отыр.
–Жалпы, жұмыс қарқыны бізде жаман емес. Менің қарамағымда отыз бес адам бар. Әр ауысымда шамамен бес-алты адам жұмыс істейді. Таяуда наурыз мейрамы қарсаңында барлығымыз бірлесіп, ас бердік. Аталарымзыдан бата алдық. Ал осы күндері Қостанайдан тал алдыртып, станция маңында егіп жатырмыз. «Бір жанұя – бір ағаш» деген ұранмен, шағын саябақ көтеріп жатырмыз, – дейді Жандос Әбдіжалелов.
Ұжымда бес станция кезекшісі, осынша пойыз құрастырушы, бес оператор, екі сигнал беруші, екі тауар касса қызметкері, сонымен бірге жүк қабылдап алушы-тиеушілер бар. «Біздің станция Ақтөбе және Қостанай жол бөлімшелерінің шектесетін жерінде орналасқандықтан жұмыста жауапкершілік деңгейі жоғары» дейді станция қызметкерлері.
Асқар Ақтілеу, Әйтеке би
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?