Қалқыма-көпір темір жолмен тасымалданды

Жаңалықтар
08.04.2024, 14:18
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

ҚР ТЖ вице-министрі Серік Төленбергенов ҚТЖ қызметкерлеріне алғыс айтты.  ҚР Қарулы күштерінің понтондық көпір паркін Ақтөбеге жеткізу үшін Ұлттық компания он платформа және вагонмен қамтамасыз етті.  

Ақтөбе облысында 16 мың халқы бар аудан су ортасында қалды. Облыс орталығымен байланыс үзілген ауданға жылжымалы әскери көпір қойылды. Алматының  Қонаев қаласынан тиелген әскери инженерлік техника екі күнде темір жол арқылы Ақтөбеге келді.

«Жүк 50 сағатта жетті. Қазақстан темір жолы 10 вагон жүкті тегін жеткізуге келісті. Ешқандай қиындық-кедергі болған жоқ. Бір ай, бәлкім екі ай қажет болар. Жол жөнделгенше, көпір қалпына келгенше понтон-көпір Ақтөбеде болады. Жол қатынасы жоқ кішкентай ауылдарға қайықпен, вертолетпен жеткізіп тұрмыз. Мұндай шешім бірінші рет қабылданды. Қорғаныс министрлігіне, Темір жол әкімшілігіне  алғыс айтқым келеді. Қиын сәтте қолдап жіберді. ҚТЖ 10 платформа, бір вагон берді. Көпір 60 тоннаны көтереді. Бірнеше жеңіл көлік тасымалданады. Сағат сайын жүреді. Бірінде тақ, бірінде жұп. Халыққа да ыңғайлы»,– деді  ҚР ТЖ вице-министрі Серік Төленбергенов

Платформаға понтондық-көпір паркінің құралдары бар автокөліктер, Орал-4320, қалқымалы транспортер, байланыс құралдары және қосалқы мүлік тиелген. Паром өткелін салуға вагонмен 15 әскери қызметші де келді.   Инженерлік техника Ақтөбе қаласынан Ойыл ауданына әскери көлікпен жеткізіліп, бір сағатта іске қосылды.  

Ал Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты қауіп әлі сейілген жоқ. Облыстың 5 ауданында, Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай сақталып тұр. Қауіпті аймақтарда су сору, тазалау, тоқтату жұмыстары үздіксіз жүруде. Қапшыққа құм толтыру, бөгет жасау жұмыстарымен қоса  теміржолшы жастар  бау-бақша ұжымдары аумағын судан қорғау, гуманитарлық көмекті түсіру жұмыстарының ортасынан табылуда.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды