Студенттер ардагерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Жаңалықтар
04.05.2024, 13:22
Суретті түсірген автор
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Астанадағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай теміржолшы ардагерлерге арнап мерекелік шара өткізді.

ҚТЖ Ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен өткен жиынға негізінен Ауаған соғысы мен Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан теміржолшы ардагерлер қатысты.

Салтанатты шара Екінші дүниежүзілік соғыста шейіт болған азаматтарымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды.  

Жиын барысында ардагерлер алапат соғыстың адамзатқа тигізген зауалы мен жеңіс жолында кеудесін оққа тоса отырып, қиян-кескі ұрыста ерлік көрсеткен сарбаздарымыз жайлы тағлымды әңгімелер айтты.  

Құрметті теміржолшы, Локомотив депосының атақты машинисі, теміржолшылар әулетінен шыққан Рашид Мұқатов екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жету үшін жауынгерлермен қатар тылда еңбек еткен жандар да, оның ішінде теміржолшылар да аянбай тер төккені жайлы баяндады.

«Бұл тұрғыда өз әкем Мұхамедияр Мұқатов жайлы айтсам деп едім. Ол 1932 жылдан бастап теміржолда, паровозда жұмыс істеді. Соғыс жылдары ол аянбай еңбек етті. Сол себепті әкем Құрметті теміржолшы атағымен марапатталған алғашқы қазақтардың бірі болды. Ол жайында жазылған мақалалар бүкіл газет бетінде жарияланды. Әкемнің екі інісі де соғыс жылдары теміржол саласында еңбек етті», - деп естелігімен бөліскен ардагер болашақ теміржолшыларға оқуда озат болып, мамандықтарына берік болуына тілеулестік білдірді.

Студенттер өз кезегінде соғыс кезінде шыққан әндерді шырқап, күй шертіп жиналған қауымға жақсы көңіл-күй сыйлады.

«Жастарымыз сұрапыл соғыс жайлы кітаптан оқығаны болмаса, көп біле бермейді. Бұл тұрғыда тылда болған ардагерлердің өздерімен кездесіп, әңгімелерін тыңдаса, оның берері мол», - дейді колледж директоры Бірлік Қапезов.  

Жыл өткен сайын Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан теміржолшы ардагерлердің саны сиреп бара жатқаны белгілі. Бүгінде соғысқа қатысқан 9 ардагер, Ленинград блокадасына қатысқан 3, концлагерде тұтқында болған 4 теміржолшы ардагер қалыпты.

Кеш соңында Ардагерлер кеңесі атынан ардагерлерге сый-сияпат көрсетілді. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті