ҚТЖ қайта сатып алушылармен күрес бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Алматы-1 теміржол вокзалында жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, кезекті тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Соның барысында жеке кассада билеттерді белгіленген құннан екі есе жоғары бағамен сату фактісі анықталды.
Тексеру кезінде жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Тергеп-тексеруге арналған материалдар уәкілетті органдарға берілді.
Бұған дейін жол жүру құжаттарын қайта сатудың алаяқтық схемасы Алматы–2 вокзалындағы жеке кассада ашылған болатын.
ҚТЖ-да билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне нөлдік төзімділік саясаты қолданылып келеді.