ҚТЖ инновациялық орталығында Digital Transport Day өткізіліп, онда теміржол, автомобиль, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол салаларындағы цифрлық жобалар ұсынылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараны Көлік министрлігі мемлекеттік органдардың DemoDay өткізу шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен ұйымдастырды.

Digital Transport Day - ға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының қызметкерлері, министрліктердің цифрлық орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардың IT-қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары қолданатын цифрлық технологиялар көрсетілді. Іс-шара барысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы филиалы директорының м. а. Мұрат Ахметов ҚТЖ-ның цифрлық жобалары:

- жүк және жолаушылар тасымалындағы ақпараттық жүйелер;

- сингапурлық PSA компаниясымен кедендік транзит процестерін цифрландыру бойынша өзара іс-қимыл;

– ҚТЖ стратегиялық серіктесі-Huawei компаниясынан және басқа да жобалардан алынған жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлары туралы айтты.