Темір жолды қардан тазартуға 280 техника әзірленді

Жаңалықтар
15.11.2024, 12:05

Темір жолда қар тазалау үшін 280 бірлік арнайы техника: 192 қар тазалау және 88 қар жинау машиналары толық дайындықта, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Барлық техника жоспарланған жөндеу және техникалық қызмет көрсетуден өтті.  

Арнайы техника қыста қарлы учаскелерді ескере отырып, бүкіл теміржол желісіне таратылады. Магистральдық желі бойынша мұндай учаскелердің жалпы ұзындығы  5000 км-ден асады. Қар жинайтын және қар тазалайтын машиналардың негізгі бөлігі Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Абай және Ақтөбе облыстарында шоғырланған.  

Сондай-ақ, жолды қар үйінділерінен қорғау мақсатында қардан қорғайтын қоршаулар жөнделді. Бағыттамалық бұрмалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін станцияларда пневматикалық үрлеу жүйелері жұмысқа дайын.  

Теміржолшылар қыс мезгілінде, қатты жауын-шашын кезінде, автомобиль жолдары мен авиарейстердің жабылуы жағдайында жолаушыларды қауіпсіз және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге дайын.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда