Мас жолаушы пойыздың тоқтау-кранын жұлып алып, тоқтауына себеп болды

Жаңалықтар
14.05.2025, 10:41
Фото: Көліктегі полиция департаменті

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылдың 4 айында жолаушылар пойыздарында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды түсіріп алудың 273 фактісі тіркелген. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 254 факт, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 факт, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 8 факт.

"Мәселен, өткен демалыс күндері «Атбасар-Нұрлы-Жол» бағыты бойынша келе жатқан электр пойызында 43 жастағы ер адамның мас күйінде тоқтату-кранын тартып жұлып алуы, жылжымалы құрамның апатты тоқтауына әкеп соқты. Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің бірден екі бабы бойынша, яғни алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орынға масаң күйінде келгені, теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады", - делінген хабарламада.

Көлік полицейлері жолаушылардың пойыздар мен вокзалдарда қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігіне баса назар аударады. Барлық құқық бұзушылықтар тіркеліп, заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды
ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды
Әлемде
13.07.2026
Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты
Аймақтар / Қауіпсіздік
13.07.2026
Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда
Әлемде
13.07.2026
«Иран — Қытай» теміржол бағытындағы көпірге АҚШ соққы берді
Инфрақұрылым
13.07.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды
Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды