Ақтау порты Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауына ие болды

Жаңалықтар
02.12.2025, 08:34
Оқуға 2 мин

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі және өзара байланыс жөніндегі Ташкент Инвесторлар форумы аясында Ақтау портының басшысы Дәурен Құтпанбаев Еуропалық Одақ грантын беру туралы маңызды келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл оқиға Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) €35 млн мөлшеріндегі кредитін және қаржыландырудың қосымша қайтарымсыз бөлігі ретінде Еуропалық Одақтың €10 млн мөлшеріндегі грантын қамтитын қаржылық пакетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жұмыстың қисынды қорытындысы болды.

Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланыстары мәселелері бойынша ЕО мен ЕҚДБ-ның бұрын жүргізген бірлескен зерттеулеріне сәйкес, Ақтау порты Транскаспий маршрутының негізгі элементтерінің бірі ретінде айқындалған. Бөлінетін қаражат екі айлақты реконструкциялауға және ұзартуға, сондай-ақ ауа-райына төзімді айлақ крандарын сатып алуға бағытталатын болады, бұл контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі қуатты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Көлік көлемінің өсуі және транзиттік ағындардың кеңеюі жағдайында жаңғырту порттың өткізу қабілетін 0,5 млн тоннадан астам бас жүктерге ұлғайтуды қамтамасыз етеді және бір мезгілде төрт толық көлемді кемеге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

ЕО бұған дейін Транскаспий маршрутын дамытуға €10 млрд резервтеу туралы жариялаған болатын. Осы дәліздің орталық буыны ретінде Қазақстан порт, теміржол және логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға иек арта алады, бұл оның Орталық Азияның жетекші транзиттік хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады және транзиттік кірістердің өсуін қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды