«Аягөз–Бақты» теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Жаңалықтар
18.02.2026, 08:53
Сурет: әкімдік

Кеше Абай облысының әкімі Берік Уәли «Аягөз-Бақты» теміржол құрылысының тапсырыс берушілерімен және мердігерлермен кездесті. Кездесу барысында стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаның іске асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан–Қытай шекарасында үшінші теміржол шекара өткелін салу жобасын жүзеге асыруда.

Жиында жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директор Илья Мещеряков жоба туралы баяндады.

Құрылыс Абай облысындағы «Семей–Ақтоғай» учаскесіне шығатын «Бақты–Аягөз» теміржол желісінің құрылысын қамтиды. Теміржолдың ұзындығы – 297 шақырым. Жоба аясында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автокөлік жол көпірі, 5 жаяу жүргінші көпірі, 16 бақылау құрылымы салынады. Бас мердігер – China Harbour Engineering Company Co. Ltd компаниясы.

Қазіргі таңда 144 техника мен 398 адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарының жалпы ұзындығы 42 шақырым учаскеде жүргізілуде. «Аягөз-Бақты» жобасын іске асыру еліміздің Қазақстан - Қытай шекарасындағы өңірдің негізгі көлік-логистикалық хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады. Бұл жоба мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтті.

«Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан «Бақты - Аягөз» теміржол желісінің құрылысы – Абай облысы үшін стратегиялық маңызы бар ірі инвестициялық жоба. Оның табысты іске асырылуы өңір экономикасының дамуына тың серпін беріп, 1200 жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді. Көлік-транзиттік кешенді нығайтып, әлеуметтік тұрақтылыққа оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бұл жоба Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға берік негіз қалайды. Абай облысының әкімдігі қолданыстағы заңнама аясында барлық қажетті қолдауды көрсетуге әзір», – деді облыс әкімі.

Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды