Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан мен Қытай өкілдері көлік саласын цифрландыру және интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
B2G форматында өткен кездесуге Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Дамир Қожахметов және Қытайдың технологиялық компанияларының өкілдері қатысты.
Тараптар жол қозғалысын басқаруда жасанды интеллектіні пайдалану, көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан тарапынан көлік саласын цифрландыру бойынша іске асырылып жатқан жобалар мен интеллектуалды көлік жүйелерін енгізудің перспективалық бағыттары таныстырылды.
Өз кезегінде Қытай компаниялары жол қозғалысын цифрлық басқару, жасанды интеллектіні қолдану және заманауи технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісіп, бірқатар нақты жобаларын ұсынды.
Тараптар сондай-ақ жасанды интеллектінің көлік ағындарын басқаруды жетілдірудегі мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу Қазақстанның көлік инфрақұрылымына заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және Қытайдың технологиялық компанияларымен тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.