Қарағанды облысындағы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдау тарифтерінің шекті деңгейіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 12-тарауының 94-бабы 2-тармағына және 2026 жылғы 30 наурыздағы №3-10/2441 «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес, «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы – «Қала маңы тасымалдары» 2026 жылғы 10 сәуірден бастап Қарағанды облысындағы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдау тарифтерінің шекті деңгейі жоспарлы индексация көлемінде 7%-ға өзгеретіні туралы хабарлайды.