Қазақстан Ауғанстан арқылы теңізге шығу жолын қарастыруда

Жаңалықтар
03.04.2026, 13:02

Қазақстан Ауғанстан арқылы өтетін теңіз жолын іске қосуды көздеп отыр. Көлік министрлігі бұл бастаманың егжей-тегжейін LS басылымына айтып берді, деп хабарлайды Rail-news.kz

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Ауғанстан мен Пәкістанды байланыстыратын CASA теміржол дәлізінің жобасы мемлекетаралық пысықтау сатысында тұр. Осы мақсатта елдер арасында меморандумдарға қол қойылып, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.

Қазіргі таңда негіздемелік келісімдер, техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) және қаржыландыру параметрлері дайындалып жатыр.

Жобаның қаржылық моделі, сондай-ақ Қазақстанның оған қатысу үлесі мен форматы инвестициялық келісімді дайындаудың келесі кезеңдерінде нақтыланатын болады.

Техникалық-экономикалық бағыттар толық анықталып, дәліздің жалпы конфигурациясы келісілгеннен кейін, Қазақстан аумағындағы бағыттың параметрлері, соның ішінде оның ұзындығы белгілі болады.

Жалпы, негізгі тұжырымдама Ауғанстандағы Торғұндыдан Спин-Болдаққа дейінгі теміржол дәлізін құруды және әрі қарай Пәкістанның теңіз порттарына шығуды қарастырады. Нәтижесінде Қазақстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Пәкістанның көлік жүйелері өзара тоғысады. Орталық Азия елдері Оңтүстік Азия теңіздеріне тікелей шығу мүмкіндігіне ие болады.

Министрлік атап өткендей, жобаны іске асыру мерзімі ТЭН әзірленіп, тараптар арасында инвестициялық құжаттарға қол қойылғаннан кейін анықталады. Әзірге ұйымдастыру жұмыстары мен келісімшарттарды дайындау процесі жүріп жатыр.

Ведомство бұл жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейтіп, экспорт бағыттарын әртараптандырады және тасымал шығындарын азайтады деп күтеді. Бұдан бөлек, жүк тасымалы көлемі артып, елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нығая түспек.

Бұған дейін Вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанның теңізге шығар жолы болмағандықтан, экономикалық тұрғыда «тынысы тарылып» жатқанын мәлімдеген болатын.

Ауғанстандағы Торғұнды – Герат – Қандағар – Спин-Болдақ бағыты Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын транзиттік дәліздің бір бөлігіне айналады.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады