Күрделі жөндеу аяқтауға жақын 

Жаңалықтар
07.11.2017, 10:28
Жол шаруашылығының алдында тұрған ең күрделі де жауапты міндет – темір табанды жолды сауықтыру шараларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру. Биылғы жылға белгіленген күрделі жөндеу әне-міне мәреге жетпек. Жалпы жоспарлы жол жөндеу жұмыстары күздің екінші айы басталып, кей аймақтарды қыстың нышаны сезілсе де, әлі жалғасуда.  Айталық, 2017 жылға мердігерлік жолмен 317,5 км жолға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болса, соның бүгінгі таңға 315,5 км бойынша жұмыстар толық аяқталған.  «Теміржол жөндеу» ЖШС қараша айына 3,3 км жолды жөндеуге жоспар құрып,  соның бүгінге 1,2 км бойынша жұмыстары біткен. Жол жөндеу мен жол табанын сауықтыру жұмыстары кешенді жол машиналарын қолдана отырып та жүргізілуде. Атап айтқанда, RM машиналарымен 281 км жолдың жер төсемдері нығайтылып, 3978 км жол Дуамат кешенімен жөнделуде. Сонымен қатар «Атлас» пойыздары арқылы 2840 км жолдың рельсі тегістеліп, тағы  1201 км жолға түзетілу жүргізілуде.   Ұлттық компанияның жол және имараттар департаментінің күрделі жөндеу бойынша 1 деңгейлі бас менеджері Нұрлан Асбековтің айтуынша, осы жылға 77,74 км орташа жөндеу жүргізу жоспарланған болса, соның барлығы бүгінгі таңда толық  жасалып біткен. Мердігерлер қатарында «Теміржол жөндеу» және «Жол жөндеуші» компаниялары талай жыл сыннан өткен, жол салу мен жол жөндеуде кәсібилігі жоғары маманданған кәсіпорындар екені де белгілі. «Теміржол жөндеу» ЖШС-нің филиалы «Астана ПМС» мекемесі жаздан бері өз телімдерінде 57 км жолды күрделі жөндеуге жоспар құрып, соны толық орындап шықты.  Олар жоспарлы жұмыс барысында Тастақ – Жайнақ, Жайнақ – Астана және Төңкеріс-Астана бағыттарындағы үш телімдегі күрделі жөндеуді шілдеден бастап күзге дейін жалғастырды. Жолды күрделі жөндеу соңғы жылдары әсіресе, жолға жаппай темірбетон шпалдар төсеумен ерекшеленеді.  Сонымен қататр, Ақтөбеде шыққан отандық рельстер төселуде.

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты