Қыс қамын жаз ойлағандар

Жаңалықтар
14.11.2017, 14:49
Түбек теміржолшылары жылдағы әдетпен биыл да қысқа ерте қамданды. Жазға жетпей 280 тоннаға дейін көмір сиятын  жабық қойма салып, бүгінде оны қысқа қажет қатты отынмен толтырып қойған.  Көмір қоймасы "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімінің балансында. Жылыту науқаны басталғалы оған алғашқы лекте 4, жуырда тағы 3 вагон, барлығы 490 тонна қатты отын түсірілді. Содан тәулігіне орта есеппен 10 тоннасы вагондардың жылуына жұмсалады екен. Жылу 1 қазаннан бері берілуде. Қоймада бұрын да шатыр болды. Бірақ жан-жағы ашық, жартылай тас қалаулы. Жел болса көмірдің ұнтақтары ұшып, санитарлық талаптарға сай келмейтін. Өрт қауіпсіздігі жағынан да қауіпті еді. Жауын-шашыннан ылғалданып, ыстық және салқын ауалардың коэффициентінен өздігінен жану мүмкіндігін тудыратын, – деген Маңғыстау вагондарға қызмет көрсету пункті басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұркен Қайыров,  көмір Майкүбі  және Қаражыра кендерінен жеткізіліп жатқанын айтады. Майкүбі мен  Қаражыраның қоңыр мен тас көмір аралығындағы өнімі үлкен сұранысқа ие екен .  – Маңғыстауда ауа райы әлі қатты суыта қоймаса да пойыздарда  салқын. Көмір шығыны соған және вагондар санының артуына байланысты бір күні 12, келесі күні 8 тоннадан кетуде. Бір вагон көмір  бір аптаға жетеді. Жалпы көмірден тапшылық жоқ. Бір-екі күн алдында 210 тонна түсірдік. Мұнымен шамамен 21 күн сұранысты өтеуге болады. Вагонға өз сыйымдылығы  сол  2 қорапшадан артық салынбайды. Купеде ол 480, плацкартта 410 кг құрайды. Ал қазірге 1 қорапшадан берудеміз. Тағы да қажеттігі туындап, жетпей жатса жол бойында толтыра алады. Маңғыстаудың өзінде Бейнеуде және Маңғыстау станциясында  сондай орындар қарастырылған. Бейнеуде 170 тоннадай қорымыз бар. Бейнеуден алынған көмірмен Алматыға бағытталған пойыз Қазалыға дейін жете алады, – дейді Нұркен Нұржанұлы.  Дегенмен, оның айтуынша, вагонның жылуды көмірден бөлек электр қуатынан алуына байланысты  қара отынды үнемдеуге де болады екен. Қазір Маңғыстауда қолданыстағы 2011-2013 жылы шыққан 49 жаңа вагонның  сондай мүмкіндігі бар. Олар Ресейде және Украинада жасалған  вагондар. Яғни,  ол вагондарда тоқпен де көмірмен де жылыту жүйесі бар. Тек ол жүргенде ғана генератормен электр энергиясын алып,  қыздыруға қауқарлы. Бұл тек қосымша күш ретінде ғана пайдаланылып жүр. Тоқтап тұрғанда отын жағуға тура келеді. Н.Қайыровтың айтуынша  бүгінде жолаушылар вагондарының 97 пайызға жуығы қыс маусымына толық дайын. Вагондардың техникалық құрылымы, жылуы, суы, жарығы, тазалығы түгел тексерістен өтіп, тиісті жұмыстары жасалған. Олар: жолаушылар тасымалына жүріп тұрған – 76, жүк тасымалы бөлімшесінің  – 1, магистральдық желі бөлімшесінің  – 1, қалааралық – 2,  "Сарыарқа" ЖШС-нің – 9 вагоны.  Сонымен қатар, вагондарды ТО-2 жөндеуден өткізу цехында қызу жұмыс  Ал, күнделікті ТО-1 тексеріс цехында  әр айда 1000-1150-ге жуық вагон, ТО-3 жөндеу түрі бойынша айына  20-ға тарта вагонға техникалық қызмет көрсетіледі екен.

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты