Құрық порты: барлық теңізге жол ашылды
Жаңалықтар
08.12.2017, 11:52
Бұдан былай Қазақстан тек құрлықтық мемлекет емес, ол енді барлық теңізге шыға алады. Жалпыұлттық телекөпір кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Құрық портындағы паромдық өткелді іске қосу барысында осылай деді.
Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы паромдық терминалдың бірінші кезеңін іске қоса отырып, Құрық портының мүмкіндігі арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуеті артатынын жеткізді.
Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров Құрық порты Транскаспийлік көлік дәлізінің негізгі бөлігі екеніне тоқталды. 2020 жылға таман елдің транзиттен түсетін табысы 5 млрд долларды құрамақ. Өсу динамикасын өндіруші өнеркәсіптер байқатып отыр. Экспорттық жеткізілімдер 25 пайызға дейін өсті. Биыл елдің көліктік-логистикалық жүйесін дамытуда жеткен жетістіктер де аз емес. Теңізге шығатын жолы жоқ Қазақстанды бүгінде толыққанды Еуразия құрлығындағы логистикалық хаб деуге әбден болады. Индустриализация күнінде елде ірі 5 көліктік нысанның жұмысы іске қосылды. Соның бірі – осы Құрық портындағы терминал. Құрық порты Бакуге, Грузияға, Түркияға, Босфор бұғазы арқылы Еуропаға бағдар ашуға дайын. Бұл – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған үлкен жетістік.
Еске сала кетейік, биыл қазан айында Құрық портынан Баку портына алғашқы 1 миллион тонна жүк жөнелтілген болатын. Ресми мәліметтер бойынша порттағы бір миллион тонна жүктің 548 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Импорттық жүктер 452 мың тоннаны құрап отыр. Тағы бір тиімді тұсы аталмыш инфрақұрылымдар теңіз маңындағы қозғалысты төрт сағатқа жеделдетеді. Мәселен, Баку мен Құрық арасындағы пароммен жүру уақыты 18 сағатты құрайды. Ал, Ақтаудан Бакуге 22 сағат жібереді. Маңғыстау жерінен жөнелтілген жүк Әзірбайжан, Грузия порттары арқылы Еуропаға қарай жол тартады. Құрық паром кешенімен қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химиялық өнімдер, транзиттік жүктер, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан шыққан жүктер экспортқа шығарылады. Паром кешенінде бір теміржол айлағы, төрт теміржол көрмелік паркі бар. Теміржол станциясына кіре берісте өңдеу және сұрыптау қызметі, «Ерсай станциясы – Құрық порты» кіре беріс теміржолы, әкімшілік және өндірістік мақсаттағы нысандар салынды. Аталмыш айлақтағы паром өткелі мен «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі басты және сұйық жүктердің мультимодальдық тасымалын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Каспий бағдарымен батыс бағыттағы экспорттық әлеуеті мен транзиттік жүк ағынын еселеп арттырады.
Сонымен, кешегі өткен телекөпірде екі бірдей маңызды жобаның тұсауын кескен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мультимодальдық компания болып қалыптасуға барлық мүмкіндігі барын тағы бір дәлелдеді. Шымкентте ашылған көліктік- логистикалық кешен болашақта бүкіл Орта Азияның сауда-логистика орталығы болатынын болжатса, Қазақстанның теңіз қақпасы Ақтау портына қосымша Құрық портының ашылуы, ал бүгін онда жылына 2 млн жүк тасымалдауға қауқарлы автомобильдік-паромдық кешеннің пайдалануға берілуі – теңізге шығар жолы жоқ елге су жолы арқылы әлемнің барлық порттарына шығу мүмкіндігін сыйлады.
Ұлан ОРАЗ
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды