Бейнеттің зейнеті бар

Жаңалықтар
15.12.2017, 16:43
Ақтөбе теміржол вокзалының аға билет кассирі  Күлбаршын Жалиманова  Тәуелсіздік күні қарсаңында туған күнін атап өтпек. Зейнет жасына толып, құрметті еңбек демалысына аттанғалы отырған  ана ендігі миссиясы – немере тәрбиесі екенін айтып  ағынан жарылды.  Әрине, 35 жыл теміржолдың айғай-шуы көп, мазасыз саласында еңбек еткен әйел адамның  сол бейнетінің зейнетін де көруі заңдылық.  «Немере күтіп отырмыз. Құдай амандығын берсе, санаулы күнде әже атанып, зейнетке шыққан соң  тек сол баламның баласын бағып отырсам деген арманым бар...» деген ана тілегіне біз де қосылдық. 1959 жылы 15 желтоқсанда Ақтөбе жол бөлімшесіне қарасты Жем станциясында теміржолшылар әулетінде дүниеге келген Күлбаршын апай  1977 жылы Алматы теміржол инженерлері институтына түсіп,  бес жылдан соң туған Ақтөбесіне қайта оралып, содан бері жолаушылар тасымалы саласында еңбек етіп келеді. Жолаушылар пойыздарында орындарды үлестіру, жолаушылар қызметі, жолаушылар бөлімдерінде де қызмет атқарыпты.  Соңғы 25 жылда Күлбаршын Қасенқызы билет кассасында. Бірде жай кассир болды, бірде алымдар бойынша меңгеруші, тағы бірде касса қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған. Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалында,  ауысыммен жұмыс істейтін ол төрт кассаның үстінен қарайтын аға билет кассирі. «Жұмысым өзіме ұнайды. Екі күн жұмыс істеп, екі күн демаламын. Таңғы сағат тоғыздан кешкі тоғызға дейін кассадамыз. Негізінен қыз-келіншектер, мені үлкен көріп кейде ақыл-кеңес сұрайды, тұрмысқа қатысты мәселелерімен бөліседі. Қысқасы, ұжым да отбасым секілді болып кеткен, бірі қызым, бірі келінім, бірі құрбым секілді, ертең пенсияға кеткенде сағынатын шығармын», – деп уайымын да жасырмады  Күлбаршын апай... 

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты