Тоғызқұмалақ – ұлттық мұра

Жаңалықтар
24.12.2017, 17:09
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыстық «Тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің» алғашқы төрағасы, Құрметті теміржолшы, Сағымбек Ақшалов құрметіне арнайы сайыс өтті. Қос күндік аламанда  облыс орталығы мен аудандардан 74 спортшы бақ сынады. Төл мерекемізді ұлықтап, аталмыш қауымдастықтың алғашқы төрағасы Сағымбек Ақшаловтың еңбегін дәріптеп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен жарысқа қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдияр Түсіпов, қалалық мәслихаттың хатшысы, аталмыш қауымдастықтың төрағасы Батырбек Құлекеев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. – Елімізде қазіргі уақытта ұлттық ойындар, соның ішінде тоғызқұмалақ спорты қарқынды даму үстінде. Бұл ойын – ұлттың коды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық спортты түлету жөнінде жан-жақты айтылды. Міне, қауымдастық арқылы біз өңірде төл спорттың тынысын кеңейтіп, мұынмен шұғылданатын жас спортшыларымыздың қатарын арттырамыз, – деді қауымдастық төрағасы Батырбек Әбдірәсілұлы. Аталмыш қауымдастықты он жылға жуық уақыт тізгіндеген Сағымбек Ақшалов атындағы турнир бірінше рет ұйымдастырылып отыр. Сайыста ересектер мен жастар  4 топқа бөлініп тартысты ойын өрнегін салды. –Тоғызқұмалақ ойыны – спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі. Үлкен шыдамдылықты, шығармашылық ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап  етеді. Басқа спорттың түрлеріне қарағанда, бұл ойында ой жүйріктігі аса қажет. Сайысқа қатысушылар  қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз  атану үшін барын салды, –  дейді жарыстың бас қазысы Гүлнұр Парымбекова. Ойын  қорытындысы бойынша тараздық Гүлжан Нұрланқызы, Ернұрсұлтан Боранбай және Ербол Нұрханов пен  қордайлық Камила Лепесовалар үздік шықты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Ерман Әбдиев, Тараз

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты