Көлік колледжіне – 10 жыл

Жаңалықтар
05.01.2018, 11:20
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжінде мерейтой. Көлік саласында мамандар дайындап шығаратын оқу орнына биыл 10 жыл.  Осы аралықта 4 мыңға жуық түлектерді дайындаған колледж ұжымының өтіп бара жатқан жылда жеткен жетістіктері көп.  Атап айтар болсақ, биыл наурыз айында Астана қаласы білімді бақылау департаментінен мемлекеттік аттестациядан, одан кейін осы қараша айында мамандандырылған аккредитациядан өткен. Осы және өзге де жаңалықтарымен колледж ұжымы мерейтой шеңберінде 21-22 желтоқсанда өткізілген ауқымды шара барысында таныстырды. –2017 жыл біз үшін өте ерекше өтті. Осы жылы түлектер ассоциациясын ашқалы отырмыз. 10 жылдық қарсаңында колледждің белсенді студенттерінің ата-аналарына Алғыс хаттар жарияланады. Бүгінгі шарада солардың есімі аталады. Сонымен қатар өнерпаз жастарымыз өз өнерлерін көрсетіп, концерт қояды. Сонымен бірге биыл колледжде «Алтын жүрек» номинациясын өткізген едік. Студенттер нағыз алтын жүректі оқытушыны анықтау мақсатында бір ай бойы дауыс берді. Сол ерекше ұстаз да бүгін анықталмақ, – деді шара алды бағдарламамен таныстырған колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Айнұр Сәрсенбаева. Кеш барысында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры Ұ. Құттыбаев сөз алып, ҚазККА Президент-ректорының  құттықтауын жеткізді.  Шара барысында колледждің тарихына арналған мұражай ашылды. Оның ашылу рәсімінде мұражай лентасын техника ғылымының докторы, колледж директоры Ерлан Әуесбаев пен «ҚТЖ» ҰК АҚ «Теміржол көлігінің персоналының дамуы және бағалау орталығы»  филиалы директорының орынбасары  Мади Мұратбекұлы қиды. Оқу орны қазақтан шыққан тұңғыш инженер М. Тынышбаев есімімен аталатындықтан мұражайдың негізгі бөлігі алаш азазматының өмірі мен қызметіне арналған екен. Сонымен қатар колледждің осы он жыл ішіндегі бағындырған белестері мен тарихи сәттері бейнеленген экспозициялар және деректер, суреттермен жасақталған. Бұған қоса кеш барысында колледждің жетістіктерінен «Суреттер сөйлейді» фото көрмесі, «Мақсатқа жеткізер, құтты мекенге 10 жыл» әдістемелік көрмесі ұйымдастырылыпты.  Сондай-ақ қалалық ашық есік күні ұйымдастырылып, оған Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, мамандықтар шеруі өткізілді. Әрі қарай           іс-шара оқытушы мен колледж бітіруші түлектер арасындағы «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты фестивалімен жалғасын тапты. Бұл іс-шараның мақсаты –колледжді аяқтаған түлектердің колледжбен байланысын нығайту.            Бүгінде  колледж  9 мамандық бойынша білім береді, материалдық-техникалық базасы оқу бағдарламасының соңғы талаптарына сай жабдықталған: слесарьлық, темір пісіру, электромеханикалық  және ағаш шеберханасынан бөлек студенттердің тәжірибесі колледж ауласында орналасқан оқу полигонында да өтеді.

Райхан РАХМЕТОВА

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл