Қазақстандық үлесті ұлғайту көзделуде

Жаңалықтар
10.01.2018, 15:21
«Тұлпар-Тальго» ЖШС өткен жылды табысты аяқтап, кең шанақты 62 жолаушылар вагонын тапсырыс беруші «Жолаушылар тасымалы» АҚ еншісіне табыстаған болатын. Ал биыл зауыт басшылығы 91 вагонды құрастырып шығару жоспарда бар екенін мәлімдеп отыр. Десек те, жоспарға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл енді тапсырыс беруші тарапқа байланысты. «Біз 2016 жылдан бастап кең шанақты жолаушылар вагонын шығара бастадық, олардың іші кең, жолаушыларға жайлы, сапасы жоғары. Біздің елдің  климатына бейімделіп жасалған. Қыста -45, жазда  +50 градус температураға дейін шыдас береді. Былтыр біздің вагондар Ресейдің тиісті құзырлы органдарынан сертификаттаудан сәтті өтіп, бұрынғы Кеңес одағы республикаларының аумағында еш кедергісіз жүру құқығына ие болдық. Жалпы  2025 жылға дейін еліміздегі  ескі вагондардың басым бөлігін жаңарту жоспарда тұр. Бізге тапсырыс беруші негізгі компания ол, «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Қазірдің өзінде  еліміздің барлық ірі қалаларына «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жолаушылар пойыздары қатынауда. Қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, «Тұлпар-Тальго» вагондарымен сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге болады. Бұл өз кезегінде пойыздардың жолда жүру мерзімін екі есеге дейін қысқартады», – деп ақпармен бөлісті   «Тұлпар – Тальго» ЖШС өндірістік директорының орынбасары Владимир Кисилев. Оның айтуынша, бүгінде құрастырылып шығарылып жатқан отандық жолаушылар вагондарындағы қазақстандық үлес 30 пайыз шамасында екен. Биыл бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу көзделуде. Көбінесе, вагондардың интерьер бөліміне пайдаланатын заттар, металконструкция елімізде шығарылса, Ресейден, есік, терезе, қалқан, тағысын тағы бөлшектер сатып алынуда. «Тұлпар-Тальго» ЖШС келешекте экспортты дамытуды межелеп отыр. Қазір осы бағытта алғашқы қадамдарын жасауда. Айталық, Өзбекстанмен белсенді келіссөздер жүргізілуде екен. Иран елі де қазақстандық жолаушылар вагондарына қызығушылық танытып отырған көрінеді. Демек, қазақстандық вагондардың шетел асар күндері де жақын деген жарқын ой көңілге сенім ұялатады. Зауыт  туралы сөз қозғап отырып, оның ұжымына және әлеуметтік ахуалына тоқтап кетпеуге болмас. Зауытта екі жүзден астам адам жұмыс істейді. Бір атаның баласындай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек көрігін қыздырып отырған зауыт қызметкерлері «Тұлпар-Тальго» ЖШС басшылығы тарапынан барлық жағдай жасалған. Биыл зауыт басшылығы  мен еңбеккерлері арасында алауыздыққа жол бермейтін 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жасалып, онда кәсіпорын қызметкерлеріне жасалатын кепілдік әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Ұжымдық шартта негізінен еңбектің ұйымдастырылуын жақсарту, өндірістің тиімділігін арттыру, қызметкерлердің ем-дом алу үшін шипажайларда сауықтырылуы, жастар отбасын құрғанда, сәбилі болғанда, мерейтоймен қатар қайғылы жағдайларда төленетін төлемақы, тіс емдеу, тағысын тағы жеңілдіктер басты назарға алынған. Ең бастысы, қаланың шетінде, Индустриялдық паркте орналасқан стратегиялық нысан болып саналатын зауытқа жұмыскерлерді арнайы жұмыс көлігі апарып, үйлеріне әкеліп тастайды. Сондай-ақ, зауыт жұмысшыларына тегін тамақ ұйымдастырылып отыр. «Биыл зауыттың жаңағыдай әлеуметтік-тұрмыстық шараларын ұйымдастырып, қолдау көрсетуге 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Зауыт қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК»АҚ қызметкерлеріне тиесілі кепілді жеңілдіктерге толыққанды ие болып отыр. Балаларының жазғы лагерьлерге жіберілуі де қарастырылған. Зауытта өз ісін жетік білетін мамандар жұмыс істейді. Бәрі де заманауи технологиялардың тілін терең меңгерген. Сондықтан біз мамандарымыздың сапалы жұмыс істеп, өз қызметтерін адал атқаруына барлық жағдайды жасап отырмыз», – дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС әкімшілік бөлімінің маманы Әнуар Сарин.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Суретті жіберген Александр ЖАБЧУК

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл