Сын сағатта сыналғандар

Жаңалықтар
10.01.2018, 15:31
Елдің бәрі  отбасында ескі жылмен көңілді қоштасып жатқан кеште шымкенттік жолшылар телім бойында жүрді. Жаңа жылға бірер сағат қалғанда тағы бір адамның өмірі пойыз жолында қиылды...       Шымкент жол дистанциясының  еңбек қорғау инженеріне түнгі сағат 22.30 да диспетчер хабарласады. Ол мұндай «қоңыраулардың» тегін болмайтынын білетіндіктен, бір жамандықтың болғанын сезеді. –  Телім бастығы Қамбар Сырманов екеуміз  оқиға болған жерге келсек жол шебері Қайрат Жоланов та осында екен. Қайғылы жағдай 31 желтоқсан күні түнгі ондар шамасында Шымкент – Қорғасын аралығындағы 3281 шақырымның І пикетінде орын алды. Бұл аумақтағы станция аралықтары қоршалғанмен біз барған жерде қоршаудың бұзылғанын көрдік. 400 метр әрі де  «Химфарм» зауытының тұсында жер асты өткелі бар. Бірақ халық жолды жақындатам деп осылай ажал құшуын тоқтатпай отыр...  Пойыз қаққан қария 1936 жылы туылған, сол аяғы тобығының үстінен кесілген мүгедек кісі екен. Жалғыз басты емес, балаларымен өмір сүріп  келген. Үйі пойыз жолға жақын Ә.Молдағұлова көшесінде орналасқан,– дейді Шымкент жол дистанциясының еңбек қорғау инженері Ақберен Өмірбекұлы Бұл маңдағы 3285 шақырымның  алтыншы, бесінші пикетінен бастап бұрылыс жолға жатады. Алдынан даусы естілмесе, пойыздың келе жатқаны көрінбейді. Тақ бағыттағы электровоз  Шымкенттен шығып келе жатқанымен машинист 300 метр жолға дейін қисық жолмен жүріп, тура алдағыны байқамайды. Бұрылған кезде көргенмен, тежегішті басса да үлгермеген. Өйткені пойыз кемі 400 метр жерге келіп тоқтайды. Машинист пен көмекшісінің айтуынша, ажалды кісі жолдың үстінде отырмаған, жанында тұрған. Мүмкін, жолдан өтіп үлгере алмаған болар. Ал жол дистанциясының мамандары үйлеріне телім басынан түнгі бірде бір-ақ қайтқан. – Қоршау тұрғызылып, түсіндіру жұмыстары жүргенмен адамның санасы өзгермесе, жеке бас қауіпсіздігін ойламайды. Мектепке барғанда балалардан неге теміржолдан өтетінін сұрасақ, сол жолмен ата-анасы да жүретінін айтады. Әке-шешесі ұл-қызына үлгі болудың орнына, өздері қауіпті аймақпен балаларын ертіп жүреді, – дейді осындай бақытсыз оқиғаларды көзбен көріп, жұртшылыққа түсіндіруден шаршаған еңбек қорғау инженері шарасыз кейіп танытып.  2017 жыл бойынша аталған дистанцияда пойыздың адам басу фактісі 13 рет қайталанып, соның жетеуінде кісі өлімімен аяқталған. 2016 жылмен салыстырғанда  екі есеге көбейген. Қайғылы жағдайдың пойыз жолында орын алуынан Шымкент жол дистанциясы алматылықтардан кейінгі орында тұр. – Биыл қоршаулар біздің меншігімізге көшкен. Бірақ одан қауіпсіздіктің сақталуы шамалы  болып отыр. Сондықтан, Шымкент –Қорғасын, Шымкент – Қызылсай сынды адам көп басылатын телімдерге «ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалындағы күзетшілерді орналастырып, күндіз-түні бақылайтын жағдай жасасақ деген жобамыз бар. Өйткені,  адам басу мен қоршаулардың бүлінуі мен ұрлануы көбіне түнде орын алады. Сондықтан, теміржолдың мүлкі мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін әр аралықта  қауіпті үш жерге күзетші отыратын қосын орналастырылса дейміз. Ұсыныс жобасы әзірленіп, есеп-қисабы жасалды. Жобаны ұлттық компания қаржыландырады. Экономикалық жағынан қазіргі уақытта тиімсіз екені рас. Бірақ, адамның өмірінен қымбат ештеңе болмай тұр. Осы жобамыз жүзеге асып, қолдау тапса қайғылы жағдайлар азаяр мүмкін, – дейді Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Оңалов.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл