Жаңаөзен ауруханасына дәрі-дәрмек жеткізілді
Жаңалықтар
10.01.2018, 15:36
Өткен жылдың 25 қарашасында Жаңаөзен қаласының Теңге кентіндегі темір жол өткелінде болған апатқа орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың тапсырмасымен Жаңаөзен қалалық ауруханасына қажет дәрі-дәрмек жеткізілді. Құны 5 миллион 26 мың 390 теңге тұратын медикамент Ақтау қаласындағы «Медсервис плюс» ЖШС орталығынан сатып алынған. Дәрі-дәрмекті Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Нәжимедин Ғұбашов пен жүк тасымалы бөлімшесінің Кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов барып табыстады.
– Күні кеше болған оқиға жаңаөзендіктердің ғана емес, күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Елдің елдігі танылатын осындай қиямет-қайым заманда азаматтық танытып, асарлататын ағайынның барына тәубе дейміз. Апат орын алған сәттен күні бүгінге дейін аяғынан тік тұрған аурухана ұжымына алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жемісті болсын лайым. Қаралы, азалы отбасыларына сабыр тілейміз, – деді өз сөзінде Н.Ғұбашов.
Қалалық аурухананың бас дәрігері Мұрат Сарыев теміржол басшылығына ризашылықтарын білдіріп, игілікті іс үшін алғыс айтты. Медициналық мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, өткелдегі оқиға болған күні науқастарға қажеттінің барлығы аурухана резервінен алынған. Енді соның орны толықтырылып отыр. Бүгінде апаттан аман қалғандардың 25-і емделіп үйлеріне шықса, 2-сі әлі күнге ауруханада ем алуда екен.
– Емделіп шыққан пациенттердің кейбіреулері әлі де амбулаториялық бақылауда, күндізгі стационарда ем қабылдауда. Кейбіреулері жұмысқа, студенттер оқуға барып жүр. Қазір екі адамның денсаулығы ерекше назарда, біреуінің аяғына қатысты, екіншісінің бас сүйегіне жасалған ота бойынша, – дейді бас дәрігер.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл