Вокзалдағы... кептеліс
Жаңалықтар
16.01.2018, 12:21
Шымкент вокзалына тәулігіне 5000-нан астам жолаушы қатынайды. Күніне тоқтайтын 18-20 жолаушылар пойызының ішінде Алматы мен Астанадан келетін жолаушылар тасқыны көп.
Келген-кеткен жолаушы пойыздарына ағылған қалың нөпір халық бұрын вокзал есігіне сығылыспай, көпшілігі сыртқы қақпадан өтетін. Соңғы жылдардағы лаңкестік оқиғалардың орын алуынан кейін сақтық шаралары алынып, қақпаға құлып салынды, енді барлық жолаушы тек вокзал есігі арқылы ғана қалаға кіреді, перронға шығады. Бұл өз кезегінде бірнеше пойыз қатар келгенде кәдімгідей кептеліс туғызып отырғаны жасырын емес.
Соңғы жылдары Ақтөбе, Алматы қалаларында өткен лаңкестік оқиғалардан кейін халық көп жүретін вокзал, әуежайларда сақтық шаралары қатаңдатылғаны белгілі. Өткен жазда вокзалда тексеру құралы орналастырылғасын жолаушы халықтың бәрі, қол жүгі түгел тексеруден өткізіледі. Яғни, қаладан кіретін адамның бәрі тек вокзал ішімен өтіп, затын тексеруден өткізеді. Ал пойыздан түскен халық үшін бір есікке кептеліскен қолайсыздықты жою үшін қосымша басқалай амал қарастыру қажеттігі байқалады. Вокзал ғимаратына кірмей, сырттан өтетін қақпа болса тиімді болар еді деген өтініш айтады жолаушы халық.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл