Жол машиналары жұмыс маусымында
Жаңалықтар
01.08.2016, 10:48
Өз алдына отау көтергеніне он жыл толған Шу машиналандырылған жол дистанциясында бүгінде жұмыс қызу. Жол жөндеу жұмысы жанданатын жаз маусымы, оған қоса дистанцияның ауқымы да, техникасы мен жұмыс күші де кеңейіп отыр.
Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясының Қарағанды жақтағы сұрыптау телімі әкімшілік ғимараты және ангарларымен Шу машиналандырылған жол дистанциясына қосылып, кәсіпорынның ауқымы кеңею нәтижесінде бүгінде дистанция ауқымы да ұлғайып, жұмысшылар саны да артып, 525 адам еңбек етуде. Кәсіпорында 20 ресейлік, 19 австриялық, 18 француздық техникалар бар. Техникалардың ағымдағы жөндеу қыс айларында кәсіпорынның өзінде жүргізіледі. Көкшетаудағы «Рауан» ЖШС бірқатар техникаларды күрделі жөндеуден өткізген. Ал вагондары деполық жөндеу жұмыстарына кіріп, шығып жатыр.
–Жартыжылдықты дистанция жақсы қорытындымен аяқтап отыр. Атап айтар болсақ, жолдың шағалтасын тазалаушы РМ техникасы жылдық жоспар 202 шақырымының бүгінде 88 шақырымын орындап отыр. ДУАМАТ кешендік техникасының жылдық жоспары 3570 шақырым болса, бұл техникалар бүгінге 1604 шақырымды еңсерді. ДГС техникасының жылдық жоспары 3600 шақырым болса, 1495 шақырымда жұмысты аяқтап отыр. ПБР машинасының жылдық жоспары 4200 шақырым, 2196 шақырымда жұмысты аяқтап отыр. УНИМАТ техникасының жылдық жоспары 200 бұрмалар мен 240 шақырым жол жұмыстарын жүргізу керек болса, бүгінге бұл техникалар 417 бұрма мен 99 шақырымды аяқтап отыр. Қалған техникалар жоспары болмаса да өздеріне бекітілген межелерді орындап отыр, - деп ақпар берді Шу машиналандырпылған жол дистанциясының Бас инженері Бақытжан Шадыбеков.
Кәсіпорында «ЖЕЙСМАР» француздық техникасының үш кешені бар екен. Бүгінде үшеуі де жұмыс жасап жатыр. Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясынан келген СМД техникасы Астана жол дистанциясында жұмысқа жегілген. Сондай-ақ дистанцияның басқа техникалары да Екібастұз, Алматы, Ағадыр, Қарағанды, Жаңа Семей, Бейнеу және Шу ірілендірілген жол дистанцияларында жұмыс істеп жатыр екен.
–Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ағымдағы жылы ешқандай ақау орын алған жоқ. Еңбекті қорғауда да жақсы көрсеткіш көрсетіп отырмыз. Көктемгі комиссиялық байқауда да ескертулер аз болды. Ал берілген ескертулер тез арада орнына келтірілді, - дейді бас инженер.
Ерман Әбдиев, Шу
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін