Байланыс бабында болса…

Жаңалықтар
30.03.2018, 16:46
Оқуға 3 мин
Бөлімшенің Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы телім бойында сигнализация және белгі беру құрылғыларының кідіріссіз жұмысымен жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы қаңтар айында 20215 пойызды, ақпанда 19088 жылжымалы құрамдарды КТСМ-02 құрылғыларымен бақылаудан өткізген. Жылжымалы құрамаларды техникалық ахуалын жүріп келе жатқан сәтінде автоматты түрде бақылаудан өткізетін КТСМ-02 құрылғысы бөлімшенің он үш станциясында орнатылған екен. Автоматты құрылғылардан ақпан айында бақылаудан өткен құрамалардың ішінде бірі букстың қызуынан, екіншісі тежегіш әсерінен тек екеуі ғана тоқтатылған.  Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының техникалық бөлім басшысы Ақшагүл Күрбенова дистанциялықтардың жыл басынан бергі екі ай ішінде атқарған жұмыстары жайлы ұсынған мәліметтер дистанциялықтардың  өз міндеттерін кәсіби дәрежеде атқарып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді. Екі ай ішінде пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде теміржолшылар тарапынан ешбір ақау орын алмаған.  – Біздің дистанцияның теміржолшылары қаңтар мен ақпан айларында қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс және КТСМ құрылғыларының жұмысында ақау жібермей, қаңтарда 20215 пойызды, ақпан айында 19088 пойызды бақылаудан өткізіп, жылжымалы құрамдардың арасынан құрылғылардың көрсетуімен 2 пойызды тоқтатып, тексеруден өткізгенде, жылжымалы құрамдардың тоқтатылу кінәратын 100 пайыз анықтаған. Тоқтатылған пойыздардың бірі букстың қызуынан болса, екінші құрамға тежегіштің дұрыс жұмыс жасамауы әсер еткен. Ақауына байланысты вагонды құрамнан ажырату жағдайы тіркелмеген, – дейді техникалық бөлім басшысы Ақшагүл Рыстайқызы. Дистанциялықтар қаңтар және ақпан айларында СОБ және байланыс құрылғыларына күнделікті күтім жасап, құрылғылардың жұмыстан тыс қалмауын қадағалауда, алайда технологиялық кішігірім кемшіліктер құрылғылардың кінәратының орын алуына әкеп соқтыруда. Мәселен, аталған мерзім ішінде жылжымалы құрамдардың жүйесін тексеретін УКСПС, пойыз вагондарының көлемін бақылайтын КГУ құрылғыларында жұмыстан тыс қалу былтыр да, биылғы екі айда да орын алмаған. Өздігінен жүретін құрамда арнайы КЛУБ-УП құрылғысымен телімдерді бақылау кезінде құрылғылардың жұмыстан тыс қалуы да тіркелмеген екен. Дистанцияда еңбек өнімділігі жоғары. Қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс және КТСМ құрылғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Және де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар, инженерлік-техникалық іс-шаралар, құрылғыларға ағымдық күтім жасау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде екен.   Мәселен, Тереңөзек-Жалағаш станциялары аралығында нөмірі 9 жарықдиодты модульді бағдаршамның линзалы кешені алмастырылған, Төменарық-Екпінді станциясы аралығында нөмірі 3, 6, 5 және 4 жарықдиодты модульді бағдаршамның линзалы кешені жаңартылған. Сонымен қатар Сауран-Басарық, Шорнақ-Түркістан станциялары аралығындағы жарықдиодты модульді бес бағдаршамның линзалы кешені ауыстырылған. Қызылорда-Белкөл және Белкөл-Бірқазан станциялары  аралығындағы  бірқатар релелік шкафтардың ТМ блогіндегі КПТШ трансмиттерлері жаңартылған.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?