"Көп түкірсе – көл" деген...

Жаңалықтар
30.03.2018, 17:03
Оқуға 3 мин
Жуырда Аягөз станциясында су тасқыны зардабын шегуші аягөздік теміржолшылармен кездесу жиыны болып өтті. Семей ЖТ бөлімшесінің бас инженері, арнайы құрылған комиссияның төрағасы Отарбек Қасымбеков жүргізген басқосуда аталмыш мәселе төңірегінде келелі әңгіме қозғалды. Жиынды алғысөзбен ашқан Отарбек Кемелбекұлы бірінші кезекте Семейден арнайы келу мақсатын айтып өтіп, көктемгі қызылсу тасқынынан залал шеккен теміржолшыларға жәрдем көрсету және осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жай-жапсарымен таныстыру екендігін жеткізді. – Бүкіл бөлімше бойынша бірлесіп көмек көрсету мақсатында қаржы жинау мәселесі ұйғарылған болатын. Жалпы, су тасқынынан зардап шеккендерге жәрдем мақсатында қалалық әкімдік тарапынан арнайы қайырымдылық қоры құрылғаны белгілі. Барша теміржолшылар ат салысатындықтан көмек қомақты болар деп ойлаймын. Бұл бағытта менің жетекшілігімдегі комиссия арнайы жұмыс жүргізіп жатыр, – деді өз сөзінде Отарбек Кемелбекұлы. Қазіргі күні су тасқынынан зардап шеккендер тізімі жасалынған. Барлығы 28 теміржолшының үй-жайы толықтай тексерілуде. Арнайы акт жасау мәселесі жергілікті әкімдік құрған комиссиямен бірлесіп шешілуде. Бас инженер айтып өткендей, бұл жерде барлығы заң аясында шешімін табатын болады. Сол үшін де үй-жайлары бүлінген сала қызметкерлері дефектілік акт пен қоса жылжымайтын мүлікке иелік туралы құжаттарды толық жинастырып пысықтаулары қажет.   Қазіргі күні мәлім болғандай, үш теміржолшының үйі құлап, тұруға жарамсыз деп танылған. Қазіргі күні олардың үшеуіне тұрғын үй берілген. Әрі бұл тізім таяу аралықта тағы да толыға беретін болады. Бұл ретте қалалық әкімдікпен ымыраластықта іс жүргізген комиссия жұмысын айта кету орынды. – Біз осыған дейін бөлімше басшылығынан құрылған комиссия арнайы тексеру шараларын жүргізген едік. Мән-жайға толық қанықтық. Тек облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы аясында қалалық әкімдікпен бірлесіп жанды жұмыс жасаудамыз. Сіздердің барлықтарыңыздың да жағдайларыңыз бөлімше басшылығының назарында тұр. Теміржол ешқашанда өз қызметкерлерін қиыншылықта қалдырып қоймайды, – деп атап өтті Отарбек Кемелбекұлы. Жиын барысында тасқын судан зардап шеккен теміржолшылар да сөз алып, бірқатары көңілдері күпті екендіктерін жеткізді. Көпшілігінің үйлеріне жарықшақ түскен. Мәселен, үйлерді қараған қалалық комиссия «күрделі жөндеу өткізілсе, тұруға жарамды» деген қорытынды жасапты. Әйтсе де, іргесі сөгілген кейбір нысандардың күн жылынысымен құлап қалмасына кепілдік жоқ. Бұл сауалға жауап қайырған бас инженер аталмыш мәселенің де қадағалауда тұрғанын жеткізді. Негізгі міндет – арнайы құжаттарды жинастырып өткізу қажет. Сонымен қатар, жиын барысында арнайы келген Семей магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Айдос Жаманбаев та сөз алып, Жыланды станциясындағы үйі құлаған теміржолшыға үй салып беру мәселесі көтерілгенін жеткізді. Бұл ретте барлығы да заң аясында шешім табатын болады. Материалдық көмек беріледі. Теміржолшылар жиналып асар жасауға да әзір. Жиын қорытындысында бас инженер Отарбек Кемелбекұлы қатысушылар сөзін тыңдап, бірқатар өтініш-пікірлерді қойын дәптеріне түртіп алды. Айтылған, талқыланған мәселелер қатары алдағы уақытта толық ескерілетін болады. Ол үшін арнайы хаттама жасалынып, негізгі міндеттер межеге алынды.   

Қуаныш Қожаев, Аягөз

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?