БАСТЫ ТАЛАП – ҚАУІПСІЗДІК

Жаңалықтар
30.03.2018, 17:15
Семей ЖТ бөлімшесі бойынша пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселесі өткір тұр. Осыған орай  қоғалыс саласы қызметкерлерінің білімін, кәсіби біліктілігін арттыру және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Вагондарды қауіпсіз тарату» айлығы ұйымдастырылды. Ұлттық компанияның техникалық саясаты негізінде өткізілген шара барысында бөлімше басшысының төрағалығымен арнайы комиссия құрылып, құрамына  директор орынбасарлары, бөлімдер басшылары, қозғалыс қауіпсіздігі қызметкерлері, өндірістік-техникалық бөлім мамандары, қозғалыс ревизоры, локомотив және вагон шаруашылықтары басшылары тартылды. Осылайша, ЖТ бөлімшесі жетекшілерінің желі бойына қызметтік сапарлары ұйымдастырылып, тексеру жұмыстарының жоспарлары жасалынды. Нәтижесінде, күллі бөлімшедегі сұрыптау дөңестерінен таратылатын вагондар бойынша маневрлік жұмыс өндірісінің технологиясы қатаң түрде тексеруден өткізілді. Бұл шара аясында пойыз құрастырушылары мен вагон жылдамдығын реттеушілер, сұрыптау дөңесінің кезекшісі мен операторлары, маневрлік локомотивтер машинистерінің өз міндеттемелерін білу деңгейі, процесс барысында әрекет ету тәжірибесі де сарапқа түсті. Сондай-ақ, қызметкерлердің станцияның сұрыптау жұмысына байланысты регламенттері мен нормативтік-техникалық құжаттамаларын білу, жұмыс істеу біліктілігі де сыналды. – Осы ретте, Семей ЖТ бөлімшесінің ревизорлары жүргізілген айлық барысының сапасын қадағалауға алып, сұрыптау процесі барысындағы қауіпсіздік талаптарының орындалу барысында бақылап, назарда ұстады. Ал, бұл орайда, қызметкерлер жіберген кемшіліктер қатары бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Яғни, алдағы уақыттарда ақаулықтарға жол бермеу үшін алдын алу жұмыстары күшейтілмек, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті Семей телімінің аймақтық бас ревизоры Сайлау Юсупов.

Қуан ЕРТІС, Семей  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл