Жас рационализатордың бағалы еңбегі
Жамбылдық теміржолшылар қатарында өнертапқыштар белсенділігі басым. Бұл мақсатта нақты нәтиже көрсетіп жүрген жастарға қолдау жоғары. Мысалы, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шу машиналандырылған жол дистанциясының маманы Нұрлан Қалынғараев – сегіз рационализаторлық ұсыныстың авторы.
Ұлттық компания тарапынан жастар саясатын ширату мақсатында ұйымдастырылған әрбір шараның бел ортасынан табылатын жастың «Доңғалақ жұбын немесе нығыздауыш блогын ілуге арналған көтергішін қолдану» тақырыбындағы рационализаторлық ұсынысы басшылық тарапынан үлкен қолдауға ие болып, еңбегі жоғары бағаланып отыр.
Нұрлан Қалынғараев аталмыш мекемеде 2011 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жас маман өзінің ұсынысы жайында: «Бұл жетілдірілген көтергiштi енгiзу арқылы тәптәуір ақшалай үнемге қол жеткізуге болатынын дәлелдеуге тырыстым. Кез келген өнертапқыштық ұсыныстың пайдасы оның экономикалық тиімділік әкелуінде екені белгілі. Сондықтан мен қандай да бір істі қолға алсам, ең алдымен оның өндіріске пайдасын ойлаймын», – деп ой түйеді.
Жалпы, Шу машиналандырылған жол дистанциясы – соңғы бес-алты жылдың көлемінде ұлттық компания тарапынан рационализаторлық қызметті ұйымдастыруда үздік танылып келе жатқан мекеме. Өйткені, өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын тағы да «Рационализаторлық қызметті ұйымдастыру бойынша үздік филиал» атанды.
Бұл мақсатты жұмыстар мен нәтижелі көрсеткіштердің жемісі болса керек. «Біздің ұжымда өндірісті жақсартуға бағытталған кез-келген жақсы жаңалық, ұсыныс-пікір болса дереу қолдауға ие болып, жаңалық ашам деушілерге барлық жағдай жасалады. Сондықтан, директордан бастап қатардағы жұмысшыға дейін жаңалыққа жаны құмар. Осындай ұжымда еңбек етіп, тәжірибе жинаған мен - жолым болған жігітпін» деп мақтаныш етеді ұжымын Нұрлан.
Ерман Әбдиев, Шу
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?